Қытайдағы "I Am a Singer" байқауында өнерімен көрерменді тәнті еткен қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге жетпістегі әжесі әлеуметтік желі арқылы жанкүйер болып отыр.
Балқаштық құқық қорғаушы Санат Бөкеновтің үстінен қозғалған қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Оның азаптауға қатысты шағымы бойынша тексеру басталып, өзін бір кісілік камераға ауыстырған.
Ақтауда тәуелсіз кәсіподақ конфедерациясын тіркеуді талап еткен аштық акциясын тоқтатты. Оған қатысқан 15 адамға сот айыппұл салды. Кәсіподақ лидерлері Астанаға жеткізіліп, абақтыға қамалды.
Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы «жер мәселесі» бойынша жаппай шеруге қатысқаннан кейіп қылмыстық айып тағылып бас бостандығынан айырылған азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянға шығарылған үкімді күшінде қалдырды.
Ақтөбе соты 2016 жылы 5 маусымда болған қарулы шабуылдан кейін айыпталған азаматтарға – 6655-әскери бөлімінің офицерлері Қайнарбек Тастамбеков пен Қайырғали Оразжановқа үкім шығарды.
Шахан кентіндегі бір подъезі құлаған үй тұруға жарамды деп ресми жарияланса да, кей тұрғындар пәтерлеріне оралған жоқ. Енді үйді көшеге орнатылған модульдық жылу қазандығы жылытады.
Оңтүстік Қазақстан облысында жылда жүздеген жасөспірім қыз жүкті болып қалады. Мамандар ерте жүкті болғандар қоғамда кемсіту мен шеттетуге ұшырайтынын айтады.
Қарағанды облысындағы Мұстафин кентінде 12 отбасы су басып, сүрілген үйлерінің орнына өзге баспана да, ақшалай өтемақы да алмаған. Билік «қорда ақша жоқ» деген уәжбен күте тұруларын сұрайды.
Психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылған жезқазғандық азаматтық белсенді Наталья Уласиктің қызы Жоғарғы сотқа шағым бермек. Әлеуметтік желіде белсенділік танытқан соң қамалған Наталья Уласикті апелляциялық сот босатудан бас тартқан.
Қарағанды облысы Шахан кентінде тұрғын үйдің подъезі құлаған кезде қаза тапқан тоғыз адамды жерлегелі жатыр. Елдің бірнеше қаласында зардап шеккендерге көмек жинай бастады. Жергілікті билік облыстағы көпқабатты үйлердің бәрінің жылыту жүйесін тексермек.
Қарағанды облысындағы бес қабатты тұрғын үйдің подъезі құлаған Шахан кентінде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Жергілікті билік қаза болғандардың нақты саны тоғыз адам екенін хабарлады.
Facebook парақшасында дін жайлы жазып, Ресей президентінің Сирия мен Украинаға қатысты саясатын сынаған ақтөбелік белсенді Санат Досов желтоқсанның 27-і күні үш жылға сотталды. Отбасы мен қорғаушылары үкімге апелляциялық шағым бермек.
Тағы