Ақтөбеде билік партиясынан президенттікке кандидаттың тегі мен сайлау ұрандары жазылған жейде киген оқушылардың қатысуымен өткен дайындықты мектеп басшысы "сайлаудан басқа" шараға әзірлік деп түсіндірді. Кандидаттың штабы бұл шараға қатысы жоқ екенін айтады.
Баспанасыз әрі жұмыссыз төрт адам 19 мың теңгеге күн көруі тиіс. Бұл – қандай да бір арнайы сынақ емес, теміртаулық жас балалы жалғызілікті әйелдің күнделікті тұрмысы.
Осы аптада аймақ баспасөзі маусым айында өтетін президент сайлауы кезінде дауыс санау әдеттегідей негізінен "тілалғыш, көнбіс" мұғалімдер мен дәрігерлерге жүктелетінін жазып, аймақтық сайлау комиссиясы құрамының жасақталу процесін сынады.
Биліктен тұрақты жұмыс беруді талап еткен Жаңаөзен тұрғындары өздерін "заңсыз митингі өткізді" деген айыппен әкімшілік сотқа тартқанына наразы. Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілі Жаңаөзенде жұмыссыздарға арналған жоба қолға алынғанын айтады.
Аймақ баспасөзі осы аптада қысқартуға ұшырауы мүмкін Ақтөбедегі зауыт жұмысшыларының шағымы туралы жазды.
Осы аптада аймақ баспасөзі АҚШ конгресінде Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев ісінің саяси астары жайлы мәселе қозғалғанын жазды.
Осы аптада аймақ басылымдары атаулы әлеуметтік көмек алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзын-сонар кезек пен құжаттар рәсімдеудегі қиындықтарға тоқталған.
Осы аптада аймақ басылымдары ел астанасының атын өзгертуге байланысты ұйымдастырылған қолдау акциясына кейбір қалада жастарды қатысуға мәжбүрлегенін жазды.
Қарағандыдағы "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі көп қабатты үйдің біреуі жеті жыл бұрын құлаған соң билік қалғанын да бұзып тастады. Құрылысқа жартылай ақша салған үлескерлер пәтерсіз қалды. Билік оларға басқа тұрғын үй қарастырылмағанын айтады, үлескерлер онымен келіспейді.
Осы аптада аймақ басылымдары Наурыз мейрамын тойлау кезінде полицияның азаматтарды ұстауын, Астана атауы мен елдегі бірқатар көше аттарының өзгеруі мәселесін талқылады.
18 наурызда Шымкенттегі №54 мектепте 38 оқушы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бір мұғалім мен бір техникалық қызметкер де уланған.
Қарағанды облысының мамандары аймақты синтетикалық есірткі басып бара жатқанын айтады. Сот сарапшылары мен заңнама үнемі өзгеріп отыратын синтетикалық есірткінің формуласын анықтап үлгермейді.
Тағы