Билік Арыстағы жарылыстан екі адам қаза тауып, 70-ке жуық азамат зардап шеккенін хабарлады. Жарылыс болған аймақтағы үйін тастап кетуге мәжбүр болған мыңдаған адам Шымкентті паналап отыр.
Маусымның 24-і күні таңертең Арыс қаласындағы әскери қоймада шыққан өрт жарылыстарға ұласып, бір адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Түркістан облысы әкімі төтенше жағдай жариялап, қаладан ондаған мың адам эвакуацияланды.
Осы аптада аймақ баспасөзі сайлаудан кейін "заңсыз ұсталған бірнеше азаматтың" полиция үстінен арыз түсіргенін, Қостанайда атақты өлкетанушы-фотограф, Ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы деректі суреттердің авторы Дмитрий Багаев көрмесі ашылғанын жазды.
Сот шешімімен екі жылдан астам уақыт психиатрлық ауруханада күштеп ем алған 63 жастағы Наталья Уласик темір тор, құрсаулы төсек, укол мен аурухана бөлмелері жоқ өмірге қайта бейімделуге мәжбүр. Жалғыз адамдық пикеттерге шығып танылған белсенді әлі бірнеше жыл тіркеуде тұрмақ.
Оралдағы сайлау учаскелерінің басым бөлігін бақылаған тәуелсіз бақылаушылар ресми нәтижемен келіспей отыр.
Осы аптада аймақ баспасөзі Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуына кінәлі деп күдікке ілінген компаниялар мен азаматтар туралы жазды.
Атасу тұрғындарын қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың қатыгездікпен өлтірілуі шошытты. Жергілікті жұрт марқұмды "батыл, шыншыл" әрі "ауыл тұрғындарының мәселесі жайлы жиі шағым жазатын адам еді" деп еске алады.
Осы аптада аймақ баспасөзі Қарағандыда кісі қолынан қаза тапқан белсенді Ғалы Бақтыбаев жайлы жазды. Жергілікті басылымдар сонымен бірге Оралда сайлауды бақылайтын тәуелсіз орталық құрылғанын хабарлап, Ресеймен шекаралас аймақтағы қазақ ауылының тіршілігіне тоқталды.
Ақтөбе облысында жыл бойы сабаққа қатыспай, репетитордан білім алған сегіз оқушы келесі сыныпқа көшпей қалуы мүмкін.
Қарағанды облысындағы Шахан кенті тұрғындарын екі жаңалық күтіп тұр. Біріншісі – 2017 жылы бес қабатты үйдің қазандығы жарылып, тоғыз адам мерт болған кентте орталық қазандық құрылысы басталмақ. Екіншісі – тұрғындар жылуға қосылуға кететін шығынды өз қалтасынан төлейді.
Осы аптада аймақ баспасөзі Қостанай облысында тұрғындардың алтын өндіруші компания үстінен шағымданып отырғанын, биліктің жұмыссыз жаңаөзендіктерді солтүстікке көшіру бағдарламасын жүзеге асыра бастағанын жазды.
Осы аптада аймақ баспасөзі Қостанайда "ар-намысқа нұқсан келтірді" деп айыпталған журналистер сотын, Петропавлда табиғи аймақтың қоқыс алаңына айналғанын және көп жылдан бері жарық, су, газсыз отырған Шымкент тұрғындарының наразылығы туралы жазды.
Тағы