Қазақстан биыл жоғары білімді бакалавр дәрежесін алуға 53 мыңнан астам студентке грант бөлді. Әрбірін төрт жыл оқытуға кемінде 1,6 миллион теңге жұмсалады. Есесіне дипломды кондуктор, жоғары білімді жұмысшы көбейді. Сарапшылар маманға сұранысты анықтау механизмін түбірімен қайта қарау керек дейді.