Тегеранға қатысты Вашингтон салған санкциялар бірнеше күннен соң күшіне енгелі жатқанда Пекин мен Дели Иранның мұнайынан бас тарта алмайтындарын білдірді.
Кеше Ресейде, сондай-ақ бірнеше мемлекеттің астанасында (Варшава, Вашингтон, Прага мен Лондон) «Есімдердің оралуы» акциясы өтті.
Санкт-Петербургтегі қазақтардың "Атамекен" ұйымын 30 жылдай басқарып келе жатқан ақсақал Азаттыққа диаспораның өмірі мен Қазақстанға кеткен үш баласы туралы әңгімелеп берді.
Грузиядағы президент сайлауының екінші кезеңге созылды. Бұған дейін Грузия президенттерінің дәуірі несімен есте қалды?
Ауғанстандағы екі провинцияда парламенттік сайлау Талибандардың шабуылына байланысты кешігіп өтті.
Ресей аннексия жасап алған Қырымда теракт әзірледі деген айыппен 20 жылға сотталған украиналық режиссер Олег Сенцов "Ой еркіндігі үшін" берілетін Сахаров атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.
Халықаралық БАҚ Қытайдағы саяси лагерьлер жайлы зерттеу мақалалар жариялады. Қытай билігі саяси лагерьдегі “бақытты өмір” жайлы “жарнамаларды” жиілетті
Жаттығу орталығында көз жұмған солдат Артем Пахотиннің ата-анасы Артемнің "өз-өзіне қол жұмсағанына" сенбейді. Олар ұлдарының қазасын өздігімен зерттеп көрген.
СССР-дің бұрынғы президенті Михаил Горбачев "АҚШ-тың Орта және жақын қашықтық зымырандарын қысқарту келісім-шартынан (ОЖҚЗ) шығуға тырысуы – қателік" деп мәлімдеді.
Батыс баспасөзі Бельгия сайлауына ықпал еткен "тікұшақ дауы", қазақстандық интернет қолданушыларға шектеу күшейіп, Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз еңбек мигранты болып баратындардың көбейгені туралы жазған.
Халықаралық "Агора" тобының сарапшылары Ресей билігі өзгерістен қорқады деп санайды.
Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп қазанның 2-сі күні Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығына кіріп, із-түссіз жоғалған саудиялық журналист Жамал Хашоггиге байланысты қорытынды жасауға асықпауға шақырды.
Тағы