Ташкент қаласының Шайхонтохур әкімшілік соты Халықаралық ислам академиясына қарасты лицей оқушысы әкесінің шағымын қарай бастады. Оқу орыны оның 17 жастағы қызына сабаққа хиджабпен келуіне тыйым салған еді. Өзбекстанда хиджаб ісі бойынша сот бірінші рет іс қозғап отыр.
АҚШ президенті сайлау штабының Ресеймен ымыраласу ықтималдығын тексеру ісін "ақылға сыймайтын біржақты" деп сынады, мигранттар мәселесін қайта көтеріп, Ким Чен Ынмен тағы кездесетінін айтты.
Украина орталық сайлау комиссиясы 31 наурызда өтетін президент сайлауына түсуге ниет білдіргендердің құжатын қабылдауды аяқтады. Осы сайлауға қатысуға өтінш бергендердің саны 83 адамға жеткен.
АҚШ пен радикалды “Талибан” қозғалысы арасында Катарда өткен алты күнге созылған келіссөзден кейін АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад келіссөздің "сәтті" өткенін хабарлады.
Ресейдің Алтай республикасы Қосағаш ауданы Жазатыр ауылында мың жарымға жуық қазақ тұрады. Негізгінен мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары саны аз қалған ілбісті қорғауға атсалысып жүр.
Киевтің Оболонский соты Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичті "мемлекетке сатқындық жасады және басқыншылық соғыс ашуға көмектесті" деп айыптап, жаза кесті.
Венесуэлада Николас Мадуроның билігіне оппозициядағы парламент спикері Хуан Гуайдо өзін "президент міндетін уақытша атқарушымын" деп жариялады. АҚШ және тағы бірнеше ел Гуайдоға қолдау білдірді.
Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва шетелге сапарларын дереу тоқтатып, ел астанасы Харареге оралды. Мнангагва 21 қаңтарда Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен. Зимбабве президентінің еліне шұғыл оралуына не себеп болды?
"Настоящее время" сайты бұрынғы Совет одағы құрамында болған елдерде соңғы 10 жылда билік басында қандай өзгерістер болғанын шолып шықты.
АҚШ президенті Дональд Трамп шекарада дуал немесе бөгет салуға қаржы бөлінсе, заңсыз мигранттардың балаларына көмек көрсетуге уәде берді.
Президент Дональд Трамп жариялаған АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің жаңа стратегиясында Солтүстік Кореяның қауіп төндіріп отырғаны, ал Ресей, Иран мен Қытайдың әскери қуатын күшейтіп жатқаны айтылған.
АҚШ президенті Дональд Трамп "Ресейге ешқашан жұмыс істемегенін" мәлімдеді. Ол мұны Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы жайлы мәселені қозғаған БАҚ жарияланымдарына жауап ретінде айтты.
Тағы