Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф келесі аптада Қазақстанда өтетін Сирия келіссөзі алдында Дамаскіге барды.
Ресейдегі бір ауылдың барлық көшесі Сталиннің атымен аталады. Оларды ажырату үшін "Сталин атындағы 1-көше, Сталин атындағы 2-көше..." деп атайды. Тұрғындар бұдан еш қиындық көріп жатқан жоқпыз дейді.
Наурызда президент ретіндегі өкілетін тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаев сәуірдің басында «Тұңғыш президент – Елбасы міндетін атқаруға кіріскенін» мәлімдеді. Қазақстандық сарапшылар бұл міндеттің елдің саяси құрылымы мен болашағына тигізер ықпалы туралы пікір білдірді.
Құқық қорғаушылар Армения премьер-министрінің "дөрекі" әрекетін сынады.
Суданның мемлекеттік ақпарат құралдары әскерилердің жақын арада "өте маңызды мәлімдеме" жасайтынын хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путин Арктика аумағында табиғи ресурстарға бәсеке қызған шақта жаңа порттар мен өзге де нысандар салып, атом мұзжарғыш кемелерінің санын ұлғайтатынын хабарлады.
Алтай Республикасының шалғай аумағында орналасқан Аргут шатқалында бұрын браконьер болған бес азамат қар барысының қорғаушысына айналған. Қазір аңшылар жыртқыш аңның терісі мен етін емес, олардың суретін олжа санайды.
Ресей президенті Қазақстанда ұзақ уақыт дауға айналған АЭС салу тақырыбын қайта қозғап, құрылысқа жәрдем беруге әзір екенін мәлімдеді.
Қытайда туып-өскен бірнеше этникалық қазақ студент екі жылдан бері Түркияда бас сауғалап жүр. Қазақстан сыртқы істер министрлігі оларға виза беруден бас тартқан.
Украинада сайлау комиссиялары хаттамаларының 50 пайыздан астамы саналғаннан кейін президенттікке кандидат шоумен Владимир Зеленский алда келеді. Ол елдің қазіргі президенті Петр Порошенкодан екі есеге жуық артық дауыс жиған. Сарапшылар екеуі сайлаудың екінші турына өткенін айтады.
Наурыздың 31-і күні Украинада президент сайлауы басталды. Орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткер 39 азаматты тіркеген.
Қытай сыртқы істер министрі Пекиннің Шыңжаң аймағындағы "радикалдармен күрес" деп атаған даулы бағдарламасын қолдағаны үшін Қазақстанға алғыс айтып, басқа елдерді де Қытайдан үлгі алуға шақырды.
Тағы