Беларусьте билікке наразылық шеруіне жүз мыңнан астам адам қатысты. Билік Минск көшесіне шерудің жолын бөгеуге полициямен қоса армия сарбаздарын шығарды. Автомат асынған Александр Лукашенко наразыларды "жөнге келтіреміз" деп сес көрсетті.
Беларусь президентінің сайлауы бұрмаланды деп көшеге шыққан халық сайлау учаскелерінде қызмет еткен мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшіліктерін сынға алды.
Шыңжаңдағы саяси лагерьге қамалып шыққан Қазақстан азаматы жеке басының қауіпсіздігі үшін шетелге кетуге мәжбүр болғанын айтады. Қазір отбасымен Нидерландыда тұрып жатқан Өмірбек Бекәлі Қазақстан азаматтығынан бас тартқан.
16 тамызда Беларусь астанасы Минскіде президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспейтін нөпір халық шеру өткізді. Кей болжамдар бойынша Минскінің Жеңіс алаңында жексенбідегі наразылық шеруіне 100 мыңнан 220 мыңға дейін адам қатысқан.
Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт қазақстандықтардың Беларусьтегі оқиғаларға қызығушылығын елдегі саяси таңдаудың жоқтығымен байланыстырады. Ол ұқсастық болғанымен екі елдегі наразылықтардың себебі, дамуы мен ауқымына әсер ететін едәуір айырмашылықтар барын айтады.
Владимир Путин өз елінің Covid-ке қарсы алғашқы вакцинаны шығарғанын мәлімдеді. Алайда, ақпараттың аздығы, сынақтың толық аяқталмауы және халықаралық мониторингтің жоқтығы бұл жаңалыққа күмәнді күшейтіп отыр.
Постсоветтік елдердегі авторитар басшылар да, ондай биліктен жалыққан халық та Беларусьтегі наразылықты жіті бақылап, осы жағдай өздерінде қайталанса не істейтіні жайлы ойланып отыр.
Азаттық ел астанасындағы наразылық куәгері Минск тұрғыны Анастасия Москвичевамен сөйлесті.
10 тамызда кешке Беларусь астанасы мен өзге қалаларда президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспейтіндер тағы да көшеге шықты. Кей жерлерде наразылар мен полиция арасында қақтығыс болды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Саяси шолушы Юрий Дракахруст "Беларус "майданы" мақсатына жете ме?" деген сұраққа жауап іздеп, постсоветтік кеңістіктегі авторитарлық режимдердің бұрынғы сценарийлері қазір неге жұмыс істемейтінін түсіндіруге тырысты.
Тағы