Қазақтар – Ресейде Еділдің төменгі жағын мекендейтін ең ірі этникалық азшылық. 2010 жылғы халық санағының мәліметіне сай, Астрахань облысында тұратын 150 мыңға жуық адам ұлтын қазақ деп көрсеткен. Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметінің тілшісі Тодар Бактемирдің қазақ тілі туралы мақаласын ұсынамыз.
Қазір Израиль мен палестиналық топтар арасында болып жатқан жаңа қақтығыстан соң әлем назары халық тығыз орналасқан әрі кедей энклавқа қайта ауды. Неге Газа секторы жиі қақтығыс аймағына айналады?
"Үлкен жетілік" (G7) елдерінің биыл маусымда өтетін саммиті қарсаңында батыстағы демократиялы мемлекеттер Пекиннің ірі инфрақұрылым жобасына тойтарыс берудің амалын іздеп жатыр.
Израиль премьер-министрі Бенжамин Нетаньяху палестиналық топтарға қарсы операция "қажет болса жалғаса беретінін" айтты. АҚШ пен БҰҰ Израильді шабуылды тоқтатуға шақырды.
Ресейдегі коронавирус жайлы ресми деректің шындығына күмән келтірген соң мемлекеттік статистика агенттігінен жұмыстан босатылған демограф Алексей Ракша шенеуніктер әлі күнге "өтірікті шындай етіп көрсетеді" дейді. Ол билікті саяси мақсатқа бола халықтың басын қатерге тігіп отыр деп айыптайды.
Ресейде сәуірден бастап күшіне енген жаңа ереже мигрант баланы мектепке қабылдау процесін бұрынғыдан да қиындатуы мүмкін дейді сарапшылар.
10 мамыр түнде Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады, ал палестиналықтар Иерусалимге қарата ракета атқылады. Кейінгі бір аптада Иерусалимде жағдай ушығып тұр.
Тағы