Қытайдың АҚШ-тағы елшілігі коронавирустың шығу тегін іздеу төңірегіндегі "саяси хайп" оның шынымен қайдан шыққанын, әлемді дүрліктірген вирустың адамзатқа қалай таралғанын анықтауды қиындата түседі деген мәлімдеме жасады.
Ryanair ұшқышы мен Минскідегі диспетчердің арасындағы әңгіме халықаралық қауымдастықтың "Минск оппозициялық журналист Роман Протасевичті ұстау үшін ұшақты әдейі қондырды" деген тұжырымын дәлелдей түсті. Беларусь жариялаған стенограмманың бір бөлігі биліктің кей сөзіне қайшы келеді.
Беларусь билігі 23 мамырда Афинадан Вильнюске бара жатқан жолаушы ұшағын Минскіге мәжбүрлеп қондырып, ұшақтағы оппозициялық журналист Роман Протасевичті күштеп алып қалды. Биліктің бұл әрекетіне таңдана қоймаған журналист қасындағы жолаушыларға "Мені мұнда өлім жазасы күтіп тұр" деп айтқан.
Афиныдан Вильнюске ұшып бара жатып, кенет Минскіге бұрылған Ryanair ұшағының жолаушылары борттың ішіндегі жағдай жайлы айтып берді.
Еуропарламент ЕО мен Пекин арасындағы инвестициялық келісімді тоқтату туралы резолюцияны қолдап, дауыс берді. Еуроодаққа мүше елдер Қытаймен қарым-қатынасын Еуропарламенттің шешіміне қарай бейімдеуге тырысып жатыр.
Андрей Дмитриевич Сахаров – 20-ғасырда адам құқықтары үшін күресіп, Совет одағының тоталитар режиміне ашық қарсылық танытқаны үшін Нобель бейбітшілік сыйлығын алған көрнекті тұлға. Биыл диссиденттің туғанына 100 жыл толды. Азаттық Сахаров архиві мен өзге де дереккөзден алынған суреттерді ұсынады.
Израиль мен ХАМАС тобы Таяу Шығыста 11 күнге созылған қақтығысты тоқтатуға келісті. Келіссөзді Египет қадағалап, бас-көз болды.
Беларусьтегі Tut.by порталының негізін қалаушылардың бірі Кирилл Волошин Азаттықтың Орыс қызметіне берген сұхбатында сайтты бұғаттау, қызметкерлерді тінту шаралары жөнінде әңгімелеп, қазіргі қиын жағдайдан қалай шығатыны жайлы ойын бөлісті.
Тағы