Орталық Азия президенттері БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында аймақты бейбітшілік пен интеграция ордасы ретінде сипаттауға тырысып, негізінен өткір сын айтудан, ел назарын аударатын мәлімдеме жасаудан тартынды. Дегенмен, олардың арасында Қырғызстан президентінің сөзі ерекше естілді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы Талибанның бақылауындағы Баграм әуе базасын қайтарып алғысы келеді. 2021 жылы АҚШ әскері тастап кеткен база Трампқа не үшін керек болып қалды?
БҰҰ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейбітшілікті сақтау мақсатында құрылды. Саяси институттар мен саясаттанушылардың бір бөлігі ортақ мәмілеге келу қиындағанда "ұйымға реформа қажет" десе, енді бір бөлігі реформа жүргізілгенімен, алпауыт елдер ымыраға келе алмаса, бәрі бекер дейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғанына биыл 80 жыл толды. Саяси институттар мен саясаттанушылардың бір бөлігі БҰҰ-ның жұмыс құрылымы ескірді, реформа қажет десе, енді бір бөлігі реформа жүргізілгенімен, алпауыт елдер ымыраға келе алмаса, бәрі бекер дейді.
Екі күндік шеруден соң Непал астанасы Катмандуда полиция тәртіп орнатты. Қақтығыстан кемі 22 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Халықаралық қауымдастық халыққа қару қолданған билікті айыптады. Армия қолбасшысы наразыларды келіссөзге шақырады. Ары қарай не болады?
Ауғанстанның шығысында болған 6 магнитудалы жер сілкінісі шамамен бір жарым мың адамды мерт қылды. Әсіресе биліктегі "Талибан" қозғалысының шектеулері еркіндігіне тұсау салған ауған әйелдері өте қиын жағдайда қалды.
Тағы