Германияның Кобленц қаласындағы ірі әскери музейге 26 елдің азаматына кіруге тыйым салынғаны оның қызметкерлері мен музейге барған адамдар арасында дау тудырды. Тыйым салынған елдер тізімінде Қазақстан да бар.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинмен екі күндік саммит аяқталды. Бұл кездесу Ирандағы соғыс екі ел арасындағы қарым-қатынастың сипатын қалай өзгерткенін, бәсекелес екі ел жаһандық дағдарыстан шығуда қаншалық әрекеттесетінін сынап көретін басқосу болды.
Вашингтон мен Тегеран соғысты тоқтату бойынша бір-бірінің шартына келісе алмай жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп Иран жіберген бейбіт жоспарды «қоқысқа» теңеп, аяғына дейін оқымадым деді. Ресми Тегеран құжатты Иран мүддесі мен талабына жауап беретін «ақылға қонымды» мәміле деп мәлімдеді.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғыс бастағанына — екі ай. АҚШ Тегераннан ядролық қару жасау амбициясынан бас тартуды талап етіп отыр. Ал Иран әлем экономикасы үшін маңызды дәліз — Ормуз бұғазын жауып, Вашингтонға ықпал етіп отыр. Екі тараптың келіссөзі тығырыққа тірелді.
Венгрия халқы алдағы төрт жылда ел үкіметін кім басқаратынын анықтайтын жаңа парламентке депутат таңдап жатыр. Сайлау алдындағы сауалнамалар 16 жылдан бері үкімет басында отырған Fidesz партиясын қолдау азайғанын көрсетті.
АҚШ-Иран бітімі жарияланғаннан екі күн өткенде тұрақсыздық қайта оралды. Израильдің Ливанға соққы жасауы, Парсы шығанағындағы шабуылдар және Ормуз бұғазының толық ашылмауы атысты тоқтату келісімінің бұзылу қаупін күшейтіп отыр.
АҚШ пен Иран атысты екі аптаға тоқтатуға келісті. Бітімге келгенін әуелі Ақ үй жетекшісі Дональд Трамп жазды. Көп өтпей бұл ақпаратты ресми Тегеран да растап, Вашингтон қабылдаған 10 шартты жариялады. Израиль үкіметі де Трамп шешімін қолдайтынын айтты, бірақ «мәміле Ливанға қатысты емес» деді.
Тағы