Өзбекстанның Ферғана облысы Қоқан қаласында театр ғимараты қабырғасына салынған әйел періштелер бейнеленген фресканы өзгертіп, қайта салған. Мәдениет министрлігі бұл оқиғаны "вандализм" деп атап, оны тексеру үшін арнайы комиссия құрған.
Бішкек соты қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы Бас прокуратураның шешімін қолдады.
Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримованың швейцариялық адвокаты Ташкентке барды.
Түркіменстан үшін жайлы болған кездері президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің сырт елге көп шықпайтыны үлкен әңгіме туызбайтын. Бірақ, қазіргідей қиын уақытта оған шетелдік достарының көмегі артық болмас еді.
Иран президенті Хассан Роухани отандық БАҚ-тың ел назарын аудара алмай отырғанын айтып, есесіне шетел баспасөзінің сенімді ақпарат көзіне айналғанын сынады.
Өзбекстанда қарамағындағы қызметкерлері өздеріне ұрысқан шенеуніктің сөзін жазып алған. Аудиотаспадағы жазба бейпіл сөзді қарша боратқан адамның қоластындағы жұртты балағаттап, кемсіткенін айғақтайды.
Өзбекстанда биліктен қызыл бұрыш өсіруге пәрмен алған өзбек диқандары күтіп-баптауы едәуір шығынды қажет ететін көкөністі өткізе алмаймыз ба деп алаңдайды. Диқандар өнім сатып алушы шетелдікті өздері іздеп табуы тиіс екендерін айтады. Жергілікті билік өкілі бұл сөзді теріске шығарады.
Дашогуз тұрғыны Ашғабад әуежайынан Түркияға ұшуға үш рет рұқсат ала алмағаны үшін суицид жасағаны хабарланды. Түркіменстанда жұмыс іздеп шетке кетпек болған тұрғындарды елден шығармау оқиғалары жиілеген.
Кабулда жанкешті шабуыл жасап, Ғазни уәлаятындағы жолда бомба жарылып, Нангархар мен Кундузда шабуыл жасалып, кем дегенде 33 адам мерт болды. Қастандықты ДАИШ пен Талибан мойындарына алды.
Тағы