Грузиядағы президент сайлауының түпкілікті қорытындысы бойынша, билік партиясы қолдайтын кандидат Саломе Зурабишвили жеңді. "Сайлау кезінде нәтиже бұрмаланды" деген айыптауға қарамастан Зурабишвили Грузияны басқаратын тұңғыш, ал пост-советтік елдердегі төртінші әйел басшыға айналды.