Иранда бейресми түрде аталатын «ұлы Кир күні» оның мазарының басына жиналуға тыйым салынды.
Түркіменстандағы азапқа толы өмірі туралы сұхбат берген гей жігіт полиция бөліміне шақырылғаннан кейін хабар-ошарсыз кетті. Гомосексуализм қылмыс саналатын елде оның отбасының да қайда кеткені белгісіз.
Тәжікстанда амнистиямен бостандыққа шыққан жүздеген адамның арасында билік "экстремистік мазмұнда" деп тапқан материалдар үшін сотталғандар да бар. Амнистияға ілінгендер қатарында құқық қорғаушылар "ар-ождан тұтқыны" деп атайтын азаматтардың бар-жоғы әзірге белгісіз.
Өзбекстанда жақында түрмеден босап шыққан бизнесмен 2012 жылы бір топ генерал мемлекеттік төңкеріс жасап, елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзияевтің "көзін жоюды" жоспарлаған деп мәлімдеді. Ресми Ташкент әзірге ешқандай реакция білдірген жоқ.
Түркіменстанда гей жігіт өзі туралы ашық мәлімдеме жасап, қоғамдық талқылау бастағысы келеді
Халықаралық арбитраж соты Өзбекстан үкіметін Gunes Tekstil Konfeksiyon Sanayi ve Ticaret Ltd түрік кәсіпорнына 40 млн АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуге міндеттейтін шешім шығарды.
Екі жыл бұрын Сооронбай Жээнбеков президент сайлауында жеңіске жетті. Осы уақыт ішінде саяси алаңда елеулі оқиғалар өтіп, бұрынғы серіктері бітіспес қарсыласына айналды.
Өзбек әншісі Санжар Жавбердиев сақалына бола мемлекеттік арналар мен қоғамдық орындарда концерт беруден шеттетілгенін айтып президент Шавкат Мирзияевтан көмек сұрады. Әнші үндеуін елде сақал мен хиджабқа қарсы науқан басталған шақта жасады.
Өзбекстанның Сырдария облысында мақта теруге жіберілген екі сарбазды трактор басып, мерт қылған. Биліктің берген уәдесіне қарамастан, елде азаматтарды мақта алқабында жұмыс істеуге мәжбүрлеу тыйылмай отыр.
Тәжікстан жоғарғы соты эмиграциядағы тәжік оппозиционерлерін біріктірген Тәжікстан ұлттық альянсын "экстремистік және террористік ұйым" деп танып, тыйым салды. Альянс өкілдері билік негізсіз шешім қабылдады деп санайды.
Қырғызстанда қылмыстық топ жетекшісі "Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босату ісі" бойынша алдын ала сот тыңдауы айыпталушылардың бірі – елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев келмегендіктен кейінге қалды.
Өзбекстанның Ташкент облысында мұғалімдерге күнделікті таңертең мектептің кіреберісінде тұрып, оқушы қыздардың сабаққа орамалдарын шешіп кіруін қадағалау туралы нұсқау берілген.
Тағы