Қырғыз президенті Садыр Жапаров 2010 жылғы маусымдағы ұлтаралық қақтығыс материалдарын қайта қарауды тапсырды. Бұл міндет ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетке жүктелді. Халықаралық, мемлекеттік және депутаттық комиссиялар тексерген істі 11 жылдан кейін қайта қарауға не түрткі болды?