Наразы жұрттың ескерткіштерді жаппай құлатуы Батыс әлемін шошытты, олар бұл құбылысты 21 ғасырдың жаңалығы деп қабылдады. Ал постсоветтік елдерде ескерткіш құлату – қалыпты құбылыс, олар 20 ғасырдың басынан бері ескерткіш қиратудың кемінде үш кезеңін басынан өткізген.
Түркіменстанның билігі COVID-19 індетінің елге келгенін мойындамай отыр. Бірақ жергілікті дәрігерлер Азаттықтың Түркімен қызметіне елде коронавирус жұқтырғандардың саны артып жатқанын айтты.
Түркіменстанда азық-түлік тапшы, халық нан сатып алу үшін кезекке тұруға мәжбүр. Ал мемлекеттік телеарналар егіс алқабында жүрген президент Гурбангулы Бердімұхамедовті және оған алғыс айтқан шаруаларды жиі көрсетеді.
Түркіменстанда ақша төлеп жазғы лагерьге барған балалар картоп жинап жүр. "Оларға су, тамақ бермейді" дейді ата-аналар. Мектеп әкімшілігі неліктен оқушыларды қара жұмысқа салып жатқанын түсіндіре алмады.
Қырғызстанның Ош пен Жалал-Абад аймағында жүздеген адамның өмірін жалмаған ұлтаралық жанжал болғанына он жыл толды. Бірақ жараның орны әлі жазылған жоқ. Көп жұрт сол кезде қылмыс жасағандар жауапқа тартылмады деп әділдік іздейді.
Күйеуі әйелін азаптап жатқан видео тараған соң Қырғызстанда тұрмыстық зорлық туралы талқы күшейді. Бішкекте бірнеше белсенді мәселеге билік назарын бұру үшін акция өткізді. Бірақ оларға милиция кедергі жасады.
Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласынанда болып, 470 адамның қазасына әкелген этникалық қақтығысқа он жыл толды. Азаттық Ош қаласының өзбек және қырғыз тұрғындарымен сөйлесіп, олардың бүгінгі өмірі мен 2010 жылдың маусымындағы оқиға туралы пікірін сұрады.
Қырғызстанның оңтүстігінде 2010 жылы маусымда өзбек-қырғыз қақтығысы болып, жүздеген адам қаза тапқан. Уақытша үкіметтің ұсынысымен халықаралық комиссияны басқарған Еуропа саясаткерінің айтуынша, Қырғызстан үкіметі сол оқиғадан әлі де сабақ алмай отыр.
Оңтүстік және Орталық Азия коронавируспен күрес шектеуін енді босаңсыта бастағанда жаңа қиындыққа тап болды. Аймақта соңғы 20 жылда болмаған алапат шегіртке шабуылы басталды.
Қазақстан журналистері COVID-19 жұқтырып, пандемия кезінде жұмыссыз қалған тәжікстандық әріптестеріне жәрдем жинады. Коронавирустың барын сәуірдің соңына дейін жоққа шығарып келген Тәжікстанда тілшілер "пневмонияға тұтас редакцияларымен шалдыққан".
Өзбекстанда шілдеден бастап 3,5 миллион үйге "смарт" газ есептеуіш орнатылмақ. Азаттықтың Өзбек қызметінің зерттеуі жалпы құны 550 миллион доллар болатын бұл жұмысты есептеуіш жасауда еш тәжірибесі жоқ, бірақ Ташкент әкімімен байланысы бар компания атқаратынын анықтады.
Қырғызстанның Баткен облысындағы Сох өзбек анклавында көрші елдімекендердің тұрғындары өзара жанжалдасып, бір-біріне тас лақтырды. Екі жақтан да бірнеше үй өртенді. Жарақат алғандар бар.
Тағы