Қырғызстанда саяси белсенді Мирлан Ураимов Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбалары үшін қамауға алынды. Жұрт бұл әрекетті сөз бостандығы мен оппозицияға жасалған қысым десе, оппозиция жақтастары билікті сынап жүрген блогерлер мен белсенділерге жасалған ескерту екенін айтады.
Түркіменстанда Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қоғамдық бақылау күшейген: полиция топтасып тұрған адамдарды таратып, кей азаматтардың телефонын тексеріп, халықты интернетке үкіметке қарсы жазбалар жарияламауға шақырып жатыр.
Батыс елдері Ауғанстанда жиырма жыл болды. Қазір "Талибан" билік орнатқан елде АҚШ пен оның одақтастары жоқ. Енді олардың орнын Ресей мен Қытай секілді ірі державалар басқысы келеді. Кей сарапшылар бұл аймақ Батысқа қарсы орталыққа айналуы мүмкін деген болжам айтады.
Орталық Азия Ресей, Қытай, Түркия, Иран мен Ауғанстан секілді елдердің ортасында жатыр. Олардың бәрі бұл аймаққа қалай да болсын ықпал етуді көздейді. Осы үрдіс аймақтағы бес елге қалай әсер етеді?
Қырғызстанда жұрт қуаңшылық кезінде Қазақстанға су берген билікке ашулы. Олар өздері сусыз қалғанда биліктің мұндай жомарт болуының себебін түсінбей аң-таң.
1 желтоқсанда Қырғызстанда "Ата Мекен" оппозициялық партиясының лидерін ұрып кетті. Ол сайлаудың алдын ала нәтижесін мойындамайтынын айтқан. Күдікті қамауға алынды. Бірақ оқиға орнында түсірілген видео мұның жоспарлы түрде ұйымдастырылғанын көрсеткендей.
28 қараша күні Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. Дауыс беруге сайлаушылардың үштен біріне жуығы ғана қатысқан. Бұл – ең төменгі көрсеткіш. Сайлауға 21 партия түсіп, алғашқы нәтиже бойынша, оның алтауы 5 пайыздық межеден асқан.
Қырғызстанда өткен парламент сайлауының алдын ала нәтижесі бойынша, Жогорку кеңешке алты партия өтті. Ақпарат құралдары бір жылдан астам уақыт ішінде төртінші рет дауыс берген Қырғызстанда аталған сайлауды белсенділігі ең төмен сайлау ретінде атады.
Тағы