Тәжікстанның Хорог қаласындағы наразылық кезінде кемі екі адам қаза болып, оннан аса адам жараланды. Жараланғандар арасында полицейлер мен прокурорлар да бар. Наразылыққа күштік құрылым өкілдерінің күдіктіні өлтіруі түрткі болды. Тәжікстанда не болып жатыр?
Былтыр Қырғызстанда парламент сайлауы наразылыққа ұласып, билік орнынан кеткен еді. 28 қарашада елде сол сайлау қайта өтпек. Қырғызстанда осы бір жылда не өзгерді?
Өзбек полициясы билікті сынайтын депутат әйелдің үстінен түсіп, камераға жазған интим видеосы тарап кетті. Бірақ қоғам белсенділері мұны қаралау әрекеті деп, полицияға шүйлікті. Ал депутаттың өзі мұны сынына ұшырағандардың кек алуы дейді.
Қырғызстан көрші елдерден электр энергиясын импорттап, проблемасын ішінара шешкендей болды. Бірақ мәселе мұнымен шешілген жоқ, қыстың беті қатты, шешілмеген проблема көп.
Ауғанстанда тәліптердің билікке келуі Орталық Азия елдерін қауіпсіздік мәселесіне алаңдатып қойды. Өйткені азаматтары "Талибан" қозғалысына кіріп жатыр. Билік олардан өз елінде жиһад жасай ма деп күдіктенеді. Ташкент оның алдын алуға кірісіп кеткендей.
Түркіменстанда экономикалық жағдай қиын. Елде азық-түлік жетіспей, тұрмыс тауарлары қымбаттаған. Билік осы проблеманы шешудің орнына ақпаратты қатаң бақылауға тырысып жатыр.
Қыс түспей жатып Орталық Азияда электр энергиясы тапшылығы байқалды. Бұл аймақтағы елдердің биліктері тәуелсіздік алған соң энергетика секторына қыруар қаржы бөлген. Соған қарамастан электр жарығының неліктен ауық-ауық сөніп қалатынын түсіну қиын.
Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы парламент спикерін депутаттыққа кандидат ретінде тіркемей қойды, бірақ сот комиссияның бұл шешімін жойып тастады. Сарапшылар мұның саяси астары бар дейді.
Орталық Азия мемлекеттері Сирия мен Ирактан оралған жүздеген азаматын оңалту шарасынан өткізіп жатыр. Бірақ соғыс көріп, экстремист идеологияның ықпалына түскен әйелдер мен балаларды қалыпты өмірге бейімдеу көп уақыт алуы мүмкін.
Өзбекстан Шавкат Мирзияев президент болғалы исламға қатысты саясаттың жұмсарғаны және Ауғанстанда биыл тәліптердің билікке келуі Орталық Азиядағы постсоветтік елде исламдану процесін үдетті. Елде қатары азайып бара жатқан орыстар мен өзге де адамдар бұған алаңдап отыр.
Тағы