Украинаға соғыс ашқан Ресей билігі елдегі тәуелсіз медианы түгел бұғаттап, цензураға ұшыраған ақпараты мен пропагандасын кремльшіл телеарналардан таратып жатыр. Бұл телеарналар Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда ашық көрсетіледі. ОА елдері ақпараттық қауіпсіздігін қорғау үшін не істеуі керек?