Қарақалпақстандағы былтырғы наразылық қантөгіспен аяқталды. Өзбекстандағы автономиялық аймақта болған бұл оқиғадан кейінгі сот процесін бақылағандар құзырлы орган қызметкерлері арасынан жазаға ешкім тартылмағанын айтады.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара келісімі қос мемлекеттің әріптестігін дамытуға негіз бола алады. Бірақ Қырғызстанда бұл келісімге күмәндана қарайтындар да бар.
Орталық Азияда кейінгі он бес жылдағы ең суық қыс аймақ тұрғындарын титықтатып, тіпті, Өзбекстан астанасы әкімін жұмыссыз қалдырды.
Түркіменстанның бұрынғы президенті және көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов екі жыл бұрын құрылған қоспалаталы парламенттің бір палатасын таратып, екіншісін ықпалды кеңеске айналдыруды ұсынды. Бұл – бүкіл билікті өз қолына алуға тырысатын Орталық Азия басшылары арасында жиі кездесетін құбылыс.
Түркіменстанды кедейлік жайлап, ұрлық-қарлық көбейіп кетті дейді тұрғындар. Елде жоқшылық салдарынан балалардың дүкенге ұрлыққа түсетіні, мешіттен аяқкиім мен әмияндар қолды болатыны жайлы хабарлар жиілеген.
Қырғызстан, Қазақстан мен Өзбекстанның энергетика министрліктері "Қамбар ата ГЭС-1" құрылысы бойынша жол картасына қол қойды. Астана мен Ташкент бірлескен кәсіпорын құру бастамасын қолдады.
Тағы