Азаттық радиосының құрылғанына 60 жыл толуына орай видео-байқау өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін оқырмандар бірнеше әуесқой видео жіберді. Жүлдеге iPhone смартфоны, Nikon фотоаппараты, eBookReader тігіліп отыр.
Қазақстандық бес суретшінің туындылары наурыз айында Лондондағы Sotheby’s аукцион үйінің көрмесіне қойылмақ. Қазақстандық суретшілердің еңбектері бұл аукционға тұңғыш рет шығады.
Киіз үйді АҚШ-тағы жұрттың көбі баспана ретінде қолданады, кейбірі медитация жасауға ыңғайлы орын деп біледі.
Сиыр етіне жылқы еті қосылғанын білген еуропалықтар қатты наразы болды. Ғалымдардың айтуынша, бұған тұтынушының алданғаны ғана емес, тыйымның бұзылғаны да себепкер.
Қытай күнтізбесі бойынша 10 ақпанда басталған жаңа жыл – жылан жылын жұрттың біразы қуанышпен қарсы алды. Бірақ ресейліктер бұл жыл иесіне күдікпен қарайды.
Нью-Йорктік композитор Дэвид Фулмер Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан адамдарға арнап «Солтүстік жұлдызы» деген реквием жазып шықты.
Ежелгі қалалары мен рухани мұралары арқылы «ұлт тарихының тереңдігін» паш етуге арналған ЮНЕСКО аясындағы ұлан-асыр тойлар Орталық Азия ұлттарының «меншік құқығын» қоздырды.
Татарстан арнайы комиссия тағайындап, қоғамдық сайыс жариялаудың арқасында сөзі бар әнұранға ие болмақ. Комиссия мүшелері ең ауыр міндет екі ресми тіл – татар мен орыс тілдерінің теңдігін сақтау болғанын айтады.
Жыр-толғауларды жүйелеп зерттеп, нотаға түсіріп, оны кітап етіп шығарған дәстүрлі әнші-жыршы Айгүл Елшібаева Азаттық тілшісіне сұхбат берді.
Ұлыбританиялық зерттеушілер ұрыс даласында өлген ең соңғы Англия королі Ричард Үшіншінің сүйегін таптық деп мәлімдеді.
Әзербайжанның танымал жазушысы Акрам Айлисли армяндарды жақсы жағынан сипаттап жазған романы үшін сынға ілікті.
Тағы