1970 жылдардың соңында "Оскар" сыйлығын алған Голливуд фильміндегі оқиғаны Бруклиннен Айнабұлаққа "көшіріп", Қазақстанда болғандай етіп көрсетсе не болады? Алматылық "АРТиШОК" театрының жаңа қойылымы жастық шақ, бұла күш-қайрат, көзсіз батылдық туралы терең мағыналы жарқын шоу болып шықты.
"Екіжүзді мемлекетте суретшілерге түпкі ойын жасырып, жұмбақ тілде сөйлеуге тура келетін кез көп" дейді "Адам құқықтары: көгілдір түстің 50 реңкі" деп аталатын жаңа көрменің мазмұнын бір сөйлемге сыйғызған өнертанушы Валерия Ибраева. Бұл көрме жақында алматылық Artmeken Gallery галереясында ашылды.
Алматылық 50 жастағы суретші Сәуле Сүлейменова қоқыстан жиналған мыңдаған пакеттен "Астана аспаны астында" картинасын салып, Алматы орталығына қойды. Суретші осылайша "қалдыққа ұқыпты қарамайтын тұрғындарға өзгеретін сәт туды" демек.
Artcom шығармашылық кеңістігінің негізін қалаушы Әйгерім Қапар Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы қазіргі заманғы өнер мен суретшілердің жағдайы, арт-кеңістіктің Кіші Талдыкөлді құрғатуға неге қарсы екені, тарихи естелік пен қазіргі шенеуніктердің рөлі туралы айтып берді.
Суретші Мұрат Ділманов Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда карикатура салып күн көру мүмкіндігі, хейтерлерге көзқарасы, саяси суретке тапсырысты қайдан алатыны, неліктен өзін феминистердің жақтырмайтыны жайлы айтты.
Белгілі өнертанушы Валерия Ибраева Қазақстанда "тыныш" заманда да адам көп болмайтын музейлерді әлеуметтік қашықтық талабы бұзылады деген желеумен жабудың қисыны жоқ деп санайды.
Белгілі қазақ ойшылы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның туған жері Семейді көркейту жұмыстарына миллиардтаған теңге бөлінді. Бірақ қала мерейтойды әдемі, жаңа қалпында қарсы алмады.
Карантин Қазақстандағы әдеби өмірге қалай әсер етті? Коронавирус тақырыбында не жазылды? Ақын-жазушылар карантинді қалай өткізіп жатыр? Азаттық әдебиет өкілдерінің пікірін сұрап көрді.
Алматы театрларының жұмысы елде төтенше жағдай режимі енгізілмей тұрып тоқтаған. Пандемия кезіндегі карантин мен әртістердің үйде отыруы шығармашылық ұжым өмірін, премьералар мен фестивальдер кестесін өзгертті. Азаттық мемлекеттік және жекеменшік театр басшыларымен сөйлесіп көрді.
Семейдегі Жеңіс саябағына қойылған жауынгер қыз Мәншүк Мәметованың ағаш мүсінін тұрғындар "сапасыз" деп сынағаннан кейін, билік оны алып тастады. Әкімдік мүсінге қатысы жоғын айтты, ал ескерткіш авторлары жұрттан кешірім сұрады.
Тағы