Кәсіби мейрам күні қазақстандық археолог Айбар Қасеналин Азаттыққа елдегі археологиялық қазба жұмыстарының қазіргі жай-күйі туралы айтып берді.
Алматыдағы «Арман» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі түсірген қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Жаңа фильм түсіру құқығын жеңіп алған сценарий авторларының да аты белгілі болды.
Отбасымен бірге Ұлыбританияда уақытша тұрып жатқан дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали сол елдегі тұңғыш ән жинағын шығарды. Азаттыққа скайп-сұхбат берген әнші ағылшын көрермендерінің әнді қабылдау ерекшеліктері мен өзге елде тұру тәжірибесінің шығармашылығына ықпалы туралы әңгімеледі.
Қазақстан биыл алғаш рет балалар арасындағы Eurovision байқауына қатыспақ. Астана ересектер арасындағы негізгі Eurovision конкурсына да қатысуға бірнеше рет талпынып көрген.
Маусымның 9-ы күні Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында "Музыкалық вернисаж" концерті өтті. Бұл жолы америкалық кантри музыкасы мен қазақтың дәстүрлі және қазіргі заманғы күйлері орындалды. Музыкалық кеш әлемге әйгілі америкалық суретші Хант Слонемнің картиналары аясында өтті. Өнерпаздар бұл концертті қазақтың көрнекті композиторы Құрманғазының 200 жылдық мерейтойына арнады.
Қазақ арасында "Ұлыстың ұлы күні" деп те танылған көктем мейрамы кезінде Азаттық Наурыздың шығу тарихы мен бүгіні туралы этнограф-ғалыммен сұхбаттасты.
1920 жылы Түркістан республикасы атқару комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұлов "Наурыз" мерекесін тойлау туралы бұйрық шығарғанымен бұл мейрамды ресми түрде тойлау не себепті кейінге қалдырыла берді?
Алтай аймағындағы шалқан халқы соңғы кезде өз ұлтын құжатқа жаздырта бастады. Алтайлықтар құрамынан аз ұлттар тобына өткен шалқандарға сол үшін сотқа шағым түсіру керек болады.
"Тестостерон" спектаклін "Откровение" халықаралық театр фестиваліне Британ кеңесінің қолдауымен Англиядан әкелді. Алматыдағы театр қауымына сирек кездесетін қойылым деп таныстырылған бұл спектакль трансгендер режиссердің әрі онда ойнаған актерлердің бірінің жеке тәжірибесіне негізделген.
Мұхтар Әуезовтің 92 жыл бұрын жазылған "Қарагөз" пьесасы Қазақстанның театр сахналарынан түспей келе жатыр. Неміс тіліндегі нұсқасын Алматыдағы мемлекеттік неміс драма театры (DTK) ұсынды. Оны Наташа Дубс пен Флориан Бильбао сахналаған.
Тағы