Punch In The Face ("Беттен ұру") бұл тәуелсіз AРТиШОК театрының жаңа туындысы. Оған 2018 жылы жазда болған оқиғаларға қатысты қазақстандықтардың әлеуметтік желі, блогтар мен ақпарат құралдарындағы реакциялары арқау болған.
Қазір Түркістанды жаңғыртудың бас жоспары жасалып жатыр. Ал қазақстандық археологтар әлі қазылмаған, зерттелмеген ортағасырлық археологиялық ескерткіштер үшін алаңдайды.
Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің екінші халықаралық театр фестивалінде Әзербайжан драматургы Гусейн Джавидтің "Ібіліс" трагедиясы қойылды. Басты рольді сомдаған Сабыр Амутбаев атындағы Мензелин татар мемлекеттік драма театрының жас актері Рүстем Зиннуров Азаттыққа сұхбат берді.
Қырғызстанда Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталды. Келесі ойын 2020 жылы Түркияда өтеді.
"Барымташылар" деп аталатын қазақ-жапон бірлескен кино жобасын түсіру кезеңі басталғаны белгілі болды. Қыркүйектің 1-інде фильм Алматы облысында түсіріле бастады. Фильмнің екі режиссері бар - Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) және Лиса Такеба (Жапония).
29 тамыз, сәрсенбі күні Венецияда (Италия) 75-ші Халықаралық Венеция кинофестивалі басталады. Қыркүйектің 8-іне дейін жалғасатын шарада қазақстандық киноматографтардың картиналары да көрсетілмек.
Кәсіби мейрам күні қазақстандық археолог Айбар Қасеналин Азаттыққа елдегі археологиялық қазба жұмыстарының қазіргі жай-күйі туралы айтып берді.
Алматыдағы «Арман» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі түсірген қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Жаңа фильм түсіру құқығын жеңіп алған сценарий авторларының да аты белгілі болды.
Отбасымен бірге Ұлыбританияда уақытша тұрып жатқан дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали сол елдегі тұңғыш ән жинағын шығарды. Азаттыққа скайп-сұхбат берген әнші ағылшын көрермендерінің әнді қабылдау ерекшеліктері мен өзге елде тұру тәжірибесінің шығармашылығына ықпалы туралы әңгімеледі.
Қазақстан биыл алғаш рет балалар арасындағы Eurovision байқауына қатыспақ. Астана ересектер арасындағы негізгі Eurovision конкурсына да қатысуға бірнеше рет талпынып көрген.
Тағы