Алматыдағы орталық мемлекеттік мұражай республикалық меншіктен қаланың коммуналдық меншігіне өтуі мүмкін. Музей ұжымы оған қарсы.
Алматыда Катя Школьниктің «Жоғалған уақыттың генетикалық коды» инсталляциясы ашылды. Жоба авторы – Қазақстанда жоғары лауазымды шенеуніктің отбасында бой жеткен ресейлік фотограф.
Алматыда бизнесмен Нұрлан Смағұловтың жеке коллекциясының көрмесі өтіп жатыр. Әдетте қазақстандық топ-бизнесмендердің картиналар коллекциясын көрудің сәті сирек кездеседі.
Қазақ даласындағы жұмбақ геоглифтерді іздеу тарихы.
Моңғолияда асау үйретуден ел біріншілігі өтіп, Баян-Өлгий аймағында тұратын Жеңісбек Серікұлы жеңімпаз атанды. Жеңісбек асау үйрету тәжірибесі жайлы Азаттыққа айтып берді.
Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген "Славян базары" фестивалінде "Гран при" жүлдесін жеңді. 10 жастағы Луиза Қуатова да балалар байқауының "Гран-приін" иеленді.
Өзбекстан билігі киім үлгісіне қатысты айтылған сын-ескертпелерді ескермеген өнерпаздарды сахнаға шығу құқығынан айырады.
Астанадағы Қазақ музыкалық драма театрының әртісі Нұрсұлтан Есен саясатқа бала кезден қызықпаса да, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін сахнада ойнауды арман еткенін айтады.
Алматыдағы мемлекеттік өнер музейінде өтіп жатқан «Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне соғыстан кейінгі қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің шығармалары қойылған.
Ресейдің Астрахань облысында тұратын этникалық қазақ Балсұлу Қисыметқызы ол аймақтағы қандастарының мәдени-әлеуметтік ахуалы туралы айтты.
Азаттық 30 маусым күні тарихшы Ирина Ерофеевамен «Қазақ хандығы тарихы» тақырыбында онлайн-конференция өткізді.
Тағы