Маңғыстау өңіріндегі жүздеген мың адамның тіршілігі халықты сумен, жарықпен және жылумен қамтамасыз ететін Ақтаудағы атом энергетика комбинатына (МАЭК) тәуелді. Әбден тозығы жеткен комбинатта биыл жазда екі рет апат болып, халықты әбіржтіп жіберді. Үкімет ақша бөліп, жағдайды қалпына келтіреміз деп сендіруге тырысқанымен, жергілікті жұрт күнделікті тұрмыста қиналып отырғанын айтады. Азаттық Ақтауға барып, елдің жағдайын біліп қайтты.