Кәсіпкерлер Қазақстан Кеден одағына мүше болғалы жұмыстары қиындап, арнайы органдар тарапынан келетін тексерулер жиілеп кеткенін айтады. «Мемлекет тарапынан қолдау болғанда ғана шағын және орта бизнес дамиды» дейді олар.
Тәжікстандағы жастардың басым көпшілігі жұмыссыздық қамытын киген. Осыны пайдаланған экстремистер жастарды өз жағына тартып алуы мүмкін деген қауіп бар.
Саяси тұрақсыздық белең алған Қырғызстанда халықтың басым бөлігінің тұрмысы қиын. Жүздеген мың қырғыз елінен кетіп, шетелде жұмыс істеп жүр. Өткен жылғы 10 ай олардың үйлеріне жіберген ақшасы шамамен миллиард долларға жуықтады.
Бүгін АҚШ Конгресінің жаңа сессиясы ашыла салысымен өкілдер палатасындағы көпшілікке айналған республикашылар Ақ үй басшысына шүйлікті.
Батыс баспасөзі Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалы артып бара жатқанын айтады. Қытай бұл аймақты ең алдымен өзінің энергетикалық қауіпсіздігі, сауда-экономикалық экспансиясы, этникалық тұрақтылығы және әскери қорғанысы үшін маңызды аймақ деп біледі.
Лондон университетінің ғалымы доктор Гүл Берна Өзжан Азаттық радиосына Орталық Азия мен Қазақстанда енді қалыптаса бастаған капиталистік жүйе мен базарлардың саяси экономиясы туралы сұқбат берді.
Кезінде әлемге белгілі культурист әрі Голливуд жұлдызы болған Арнольд Шварценеггер дүйсенбі күні жеті жыл қызмет еткен орнынан, АҚШ-тың Калифорния штатының губернаторлығынан кетті.
Алматыда Мақатаев пен Қонаев көшелерінің қиылысында көпшілікке "Жетім бұрыш" деген атпен белгілі жер бар. Қазір мұнда жаздағыдай емес - пәтер алушы да, делдал да азайған. Бірақ пәтер бағасы арзандамаған.
Саяси шешімдер институтының сарапшылары зерттеуге сүйеніп, жыл басымен салыстырғанда қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйі 1,4 есеге жақсарғандығын айтып отыр.
Aл 2011 жылда да тағы да той-думанды шаралар, жағымпаздық жарыстары, саяси ток-шоулар мен тағы да бір төрағалық күтіп тұр...
Батыс баспасөзі Еуропа Одағының Беларусьтегі демократиялану процесіне ықпал етуге дәрменсіз болып шыққанын жазады. Басылымдар «Лукашенко бұл жолы да билігін сақтап қалу үшін қайтадан Ресейдің құшағына енді» деген пікір айтады.
Қазақстанның халық әртісі, актер Құдайберген Сұлтанбаев жексенбі күні кенеттен қайтыс болды. Әріптестерінің айтуынша, танымал актердың ажалы жүрек дертінен болған.
Тағы