Foreign Policy («Форин Полиси») журналы соңғы айда Тунисте басталған толқудың күші Таяу Шығыстан өзге әлемнің басқа елдеріне неге бірдей тарала қоймады деген мәселені қарастырады.
Қазақстан билігі шағын және орта бизнес мәселелерімен әлемдік қаржы дағдарысы қызып тұрған шақта айналыса бастады. Ал бизнесмендердің сұрайтын нәрсесі екеу ғана: жеңілдікпен қаржыландыру және салық мөлшерін азайту.
Давостағы форумда: «Аса мол табиғи қорлары бола тұра Орталық Азия елдері адам капиталын дамытуға жеткілікті қаржы бөлмей отыр» деген мәлімдеме жасалды. Бұл елдер институционалдық және саяси реформаларды қолға алуы керек деп санайды сарапшылар.
Қаңтардың 27-і Азаттық радиосы Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың онлайн-конференциясын өткізді. Министр сайт оқырмандарының қойған сұрақтарына өзі жауап берді.
АҚШ президенті Барак Обама бюджет дефицитін азайту үшін мемлекеттік шығындарды күрт қысқартып, есесіне, ел экономикасының бәсекелестік қабылетін арттыру үшін білім және ғылым саласына көбірек қаржы бөлуге шақырды.
Кәрім Мәсімовтің Қазақстан үкіметін басқарып келе жатқанына 4 жылдан асты. Бірге оқыған сыныптастарының айтуынша, «оның табысқа жетуінің құпиясы – жақсы білімінде». Ал сарапшылар «Мәсімов бұл лауазымда президент Назарбаевқа «берілгендігінің» арқасында ғана отыр» деген пікір айтады.
Jamestown («Джеймстаун») қоры Қазақстан электр желілерін басқару компаниясының (КЕГОК) Орталық Азия электр қуаты нарығынан кету туралы жоспарын сөз етеді. Электр энергиясы мәселесінде Қырғызстан мен Өзбекстанның Қазақстанмен аймақтық келісімге келе алмауы осындай қадамға түрткі болғанын айтады аталмыш қор.
Вашингтонға сапармен барған ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мен президент Барак Обама кездесуінде басқа мәселелермен бірге екі ел арасындағы валютаның айырбас бағамы да сөз болмақ.
Тунистің премьер-министрі дүйсенбі күні елдің жаңадан біріккен үкіметінің құрамын жариялауға уәде берді. Бұл үкімет тақтан тайған президент Зин әл-Абидин бен Алидің саяси дәстүрін талқандап, ендігәрі демократияны бағдар тұтпақшы.
Түркіменстан шетелдік ұялы байланыс операторына берген лицензиясын қайтарып алды. Елде бұл қызметті тек Ашғабат тұрғындары мен шетелдіктер ғана пайдалана алады.
Президент Назарбаев зейнетақының орташа мөлшері осы жылы 30 пайызға ұлғайтылады деп жариялаған болатын. Алайда зейнетақы алушылар оған аса қуанып отырған жоқ.
Heritage («Херитидж») қоры мен Wall Street Journal («Уолл Стрит Джорнал») басылымы 2011-ші жылғы экономикалық еркіндік көрсеткішін жариялады. Қазақстан бұл зерттеуде өткен жылмен салыстырғанда төрт саты жоғары көтерілген.
Тағы