Әлеуметтік құқықтарын талап еткен Қаражанбас мұнайшылары ақпарат құралдарынан көмек сұрады. «Соттан да, мемлекеттік органдардан үміт үздік – олар компания жаққа шығып кетті» дейді мұнайшылар.
«Қорғас» кеден бекетінде біраз адам шекарадан өту үшін қытай көліктерін күтіп тұр. Ал қазақстандық жүргізушілер күнкөрістерінен қағылғандарын айтады.
Түркіменстан қазақтарының жетекшісі Бисенғұл Бегдесіновке қатысты оқиғалар бұл елдің көші-қон саясатының ерекшеліктеріне назар аудартты. Азаттық радиосының тілшісі оның құқықтық ұңғыл-шұңғылына үңіліп көрмек болды.
Он күннен аса ереуілдетіп жатқан маңғыстаулық «Қаражанбасмұнай» мұнайшылары қысым көргендерін айтып шағымданады. Бүгін Жаңөзендегі «ӨзенМұнайГаз» жұмысшылары да аштық жариялады.
Foreign Policy Қазақстанның мұнайлы батыс өңіріндегі қауіп-қатер жете бағаланбай отырғанын жазады. Ал Daily Telegraph басылымы Қашаған мұнайын игерудің екі жылға кешігетінін айтады.
Азаттық радиосы сәрсенбі, 25 мамыр күні БТА Банктің бұрынғы басқарма төрағасы, қазір қуғында жүрген Роман Солодченкомен онлайн-конференция өткізді.
Бүгін Павлодарда пәтерлерінен шығаруға қарсылық танытқан тұрғын, банк клиенттерінің бірінің ұлы, 38 жастағы Марат Нұркенов 10 қабатты тұрғын үйдің төбесінен секіріп кетіп, қаза болды.
Экологтар Қазақстанда атом электр станциясын салуға мораторий жариялауды талап етеді. Оларға қарсы уәж айтушылар экономикалық тиімділікті алға тартады.
Financial Times басылымы Қазақстанның отандық қор нарығын дамытуға күш салып жатқанын жазады. Ал Stratfor ұйымы Ақ ордадағы соңғы саяси тартыстан соң бірнеше министр қызметінен айрылады дейді.
Президенттік сайлау алдында құрылған «Конституцияны қорғайық» комитеті Қазақстан халқын «елдегі ірі стратегиялық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару шарасына» қосылуға шақырды.
Маңғыстау облысындағы Бозащы түбегінде орналасқан Қаражанбас кенішіндегі мұнайшылар ереуілі төртінші күнге ұласты. Оларды жаңаөзендік мұнайшылар қолдауға бейіл танытып отыр.
«Бұл жоғары лауазымды шенеуніктердің мемлекет байлығын жымқыру тәсілі болуы мүмкін» дейді олар. Ал президент Назарбаев шикізат пайдалану саласында Қазақстанның үлесін көбейтуге шақырады.
Тағы