Азат Еуропа/Азаттық радиосы қамтитын елдер мен аймақтардағы осы аптаға жоспарланған маңызды оқиғалар тізімі.
Қазақстан ірі инвесторларға арнап қосымша жеңілдіктер енгізуді жоспарлап отыр. Азаттық радиосының шолушысы бұл жоғарыда отырғандардың билікті теріс мақсатқа пайдалануға әкеп соқпай ма деген мәселені зерттеп көрді. Сондай-ақ мұнда «отандық бизнеске кім иелік етіп отыр?» деген сұрақтың басы қылтияды.
Қазақстанның қаржы министрлігі Дүниежүзілік банктің «Doing Bisuness» рейтингісіндегі «Өндірісті жою» көрсеткіші бойынша 2007 жылы 103-орынды, ал 2008 100-орынды алғанын жазады.
Қырғызстан көршілері сияқты мұнай мен газға бай емес. Бірақ елде әр азаматтың жақсы өмір сүруіне жеткілікті алтын қоры болғанымен, бағасы үнемі артып келе жатқан металдың пайдасын көреміз деген қырғыздардың үміті ақталмай отыр.
Қазақстан «Еңбек өнімділігі-2020» атты тағы бір бағдарлама қабылдады. Бірақ оның болашағы қалай болары белгісіз.
Әлемдік экономикадағы ірі державалар үстемдіктерінің ауысу мерзімдеріне байланысты талдау жасаған Financial Times («Файнаншл Таймс») басылымы осылай дейді.
1 шілдеде Кеден одағы жұмысын бастады. Одан келер пайда мен шығындарға қатысты Азаттық радиосы дөңгелек үстелі қонақтарының пікірлері әрқалай.
БҰҰ Даму бағдарламасының «Адам дамуы туралы – 2010» баяндамасында Қазақстан адам әлеуетінің даму деңгейі жоғары елдердің қатарына қосылды (66-шы орын). Алайда елдің ресми статистикасына ден қойып қараса, керісінше нәтиже көрінеді.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин тамыздың басында «Наши» деп аталатын Кремльге бүйрегі бұратын жастар ұйымының белсенділерімен кездескенде «Ресейдің Беларусьпен қосылғаны жөн» деген пікір айтты.
Елдегі бес жасқа дейінгі балалар өлімінің төрттен бірінің себебі - жеткіліксіз тамақтану.
Legatum институты өткізген зерттеу елді бақытты һәм бақуатты ететін экономикалық өсім емес, өзара сенімнің күштілігі және жемқорлықтың болмауы екенін анықтады.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Сергей Терещенко Азаттыққа берген сұқбатында өзінің меншігіндегі жердің "көп" екенін айтты. Ол жерді кім иеленсе де бәрібір, тек өңдеусіз қалмаса болғаны дейді.
Тағы