Ресейдің мұнайы мен газын алатын Еуропа шикізат терминалын ашты. Ал Қытай Орталық Азия елдерімен энергетикалық келісім-шарттар жасасып, АҚШ мұнай өндіруге көшті.
Алматы сотында сауда орталығының тұтынушы мен газетке қарсы шағымы қаралып жатыр. Заңгердің пікірінше, дүкенге барған адам өзінің құқығын да білуі керек.
Нақты құнын жоғалтқан теңге біртіндеп құнсызданып барады. Жылына 5-10 пайызды құрайтын «сырғымалы» инфляция қарапайым азаматтардың қалтасын жұқартады.
Алматыда 15 қазаннан бастап жылу берілгенімен, кей үйлерге әлі жетпеді. Қалалық басқарма бұған өздерінің кінәсі жоғын айтады.
Ақтөбеде троллейбустардың көрінбей кеткеніне бірнеше ай болды. «Табысынан гөрі шығыны көп көлікті» қала әкімдігі автобуспен алмастырмақ.
Қазақстанда мемлекет меншігіндегі емдеу мекемелерінің көпшілігі заң бойынша медициналық қызметті тегін көрсетеді. Ал фармацевтика нарығы жеке меншіктің қолына өткен.
Ақтөбе облысындағы Шілікті ауылының тұрғыны қыс түсе қымбаттайтын көмірге деген тәуелділіктен құтылудың жолын тапқанын айтады. Мұнай-газ қорына бай облыстың тек 20 пайызы газбен қамтылған.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев онлайн-конференция кезінде салтанатты түрде ашқан тағы бір жоба – планшет өндіреді деп таныстырылған «Аққу» зауыты іс жүзінде жоқ болып шықты.
Қоршаған ортаны қорғау министрі Ертіс пен Есілді қосатын су арнасын салу жобасы қарастырылып жатқанын хабарлады. Азаттыққа сұхбат берген су маманы бұл мәселенің бірнеше қырына нұсқады.
АҚШ Конгресі үкіметті қаржыландыру туралы келісімге келе алмаған соң бірқатар мемлекеттік мекемелер жабылып, мыңдаған шенеунік қысқартуға ұшырады. Бұл жағдай әлемге қалай әсер етпек?
Көрші елдерге күш көрсету – Ресейдің Совет Одағы тарағалы бері пайдаланып келе жатқан ісі. Бірақ қазір Мәскеудің көршілері Еуропаның көмегіне сүйеніп, қарымтасын қайтара алады.
Сарапшылар Қазақстанның ең ірі кеніші - Қашағандағы мұнай өндіруді тоқтатуға әсер еткен апат туралы пікір айтты.
Тағы