2013 жылы Қазақстан 1,6 мың тонна ет шетке сатып, 209,8 мың тонна ет сырттан алған. Бұл жағдайда сарапшылар үкіметтің 2015 жылдан бастап Ресейге ет экспорттау жоспарына қатты күмән келтіреді.
Кейбір қоғамдық ұйымдар Қазақстандағы «жаппай» жекешелендіруге қарсы науқан бастады. Сарапшылар жоспарлы жекешелендіруді де, оған қарсы кампанияны да әрқилы бағалайды.
Еуропа Одағы Украина, Грузия және Молдовамен маусымның 27-сі күні маңызды саяси және сауда келісім-шарттарына қол қояды. Келісімдер бұл үш елге қандай пайда береді және Ресей оған неге қарсы?
Бұрынғы президент Виктор Януковичтің тұсында Украина кәсіпкерлері тонаушы рейдер топтардың құқайынан зәрезеп болған еді. Енді олар «тәркіленген» мүліктерін қайтарып алып жатыр.
Ресейдің украин тауарларына баж салығын салу ұсынысына Қазақстан мен Беларусьтің қарсы шыққаны хабарланды. Сарапшылар Мәскеу Киевпен арадағы жанжалға Астана мен Минскіні араластырмақ дейді.
Шымкенттегі зауыттың кәсіподақ өкілі «жұмысшылардың төлем қабілеті нашарлап кетті, жұмыс беруші құқығымызды бұзып отыр» дейді. Ал белсенділер кәсіподақ туралы жаңа заң жобаларынан қауіптенеді.
Үкіметтің 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары тізіміне мыңнан астам ұйым енген. Олардың арасында білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау мекемелері де бар.
Маусымның 20-сы күні «Қазғарыш» агенттігі Қазақстанның КazEOSat-2 жер серігі Ресейдің «Ясный» ғарыш айлағынан ұшқанын хабарлады.
Ресей Украинаға газ беруін тоқтатты. Ресейдің газ компаниясы «Газпром» Киевтен отынның берешегін қайтаруды талап етті. Екі ел арасындағы газ дағдарысы бұрнағы жылдардан өзгеше болып тұр.
Қазақстанның әр аймағында «жуырда салынады» деп жоспарланған «әсем қалалардың» әдемі макеттер мен видео-роликтер түрінде қала беретіні неден? Азаттық тілшісі осындай «арнайы жобалардың» қазіргі жайын зерттеп көрді.
Standard & Poor's рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасына қатысты рейтинг болжамын «тұрақтыдан» «жағымсызға» өзгертіп, елдің ішкі жалпы өнімінің өсіміне қатысты болжамын да 4,5 пайызға төмендетті.
Тағы