Жыл басынан бері Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызмет көрсету тарифтері 2013 жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға қымбаттады. Біреулер мұны Ресей нарығына тәуелділіктен көреді.
Еуразия кәсіпкерлері қауымдастығы төрағасы Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын елді жайлаған жемқорлық тежеп отыр деп есептейді.
Қазақстан олимпиада комитетінің есебінше, 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы универсиадаға 950 миллион доллар қажет. Алайда сарапшылар бюджеттен бұдан да көп қаржы жұмсалады деп алаңдайды.
"Оңтүстік ағын" газ құбырын салу арқылы Украинаны айналып өтпек болған Ресейдің жоспарын күтпеген жерден Болгария бұзды.
Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды елдегі жекешелендіру процесіне қатысуға шақырды. Ал экономист инвестиция туралы заңдағы өзгерістердің пайдасы да, зияны да бар екенін айтады.
ЕАЭО туралы келісім Қазақстан, Беларусь және Ресейдің шикізат саласына тәуелді экономикасын біріктіруді көздейді. Бұдан нақты интеграция күтетіндер де, "сауда соғысын" болжаушылар да бар.
2022 жылғы Қысқы олимпиаданы өткізуге үміткер төрт қаланың бірі – Алматы. Қазақстанның олимпиада комитеті бәсекеде озып шығудан үмітті. Ал сарапшылар мұның қымбатқа түсетінін айтады.
Иран Ауғанстанның орталық аймағында аурухана салып, оны өзі басқаруды жоспарлаған. Алайда ауғандар бұдан секемденіп отыр.
Тәжікстанда жезөкшелік айтуға ыңғайсыз іс болғанымен, заңсыз әрекет емес. Мұндай кәсіп иелері көбейіп жатқанда бұл тақырып ашық талқылана бастады.
ЕАЭО келісіміне қол қойған Қазақстан билігі "Одақта тең құқықтық сақталады, құжат қазақ және белорус тілдеріне аударылады" деген еді. Алайда оның әлі күнге мемлекеттік тілде жарияланбауы кейбір қазақстандықтарды наразы ете бастады.
Елде мамыр айынан бастап картоп қымбаттады. Саудагерлер мұны «Қазақстанда былтыр жиналған картоп қоры таусылды» деп түсіндіреді. Базардағы арзан картоп – Ресейдікі.
Шығыс Украинадағы ұрыс шиеленісіп барады. Украина армиясының әскери дайындығы кейде сыналып, кейде мақталып жатыр. Олардың мұндай әртүрлі нәтиже көрсетуінің себебі неде?
Тағы