"Oyan, Qazaqstan" қозғалысының белсендісі Әсем Жәпішева Азаттыққа сұхбатында қозғалыс құрылғаннан бері өткен бір жылдың ішінде қандай айыптаулар тағылғаны, елдегі жағдай, Тоқаевтың президенттігі, карантин жайлы, Қазақстанның парламенттік республикаға айналуы неліктен маңызды екенін айтты.