Түркияда тұратын түркімен белсенділер Ашғабаттағы авторитар режимді жиі сынайды. Түркіменстан билігі оларды жуасыту мақсатында түрлі амал қолданып жатқан тәрізді.
Қазақстанның ресми адамдарынан тұратын делегация Кабулда "Талибан" қозғалысы өкілдермен кездесті. Азаттық cаясаттанушы Досым Сәтпаевтан Қазақстанның террор ұйым деп таныған тәліптермен кездесуіне не түрткі болғанын, бұның Ауғанстандағы қазақтардың қауіпсіздігіне қалай әсер ететінін сұрады.
БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесіне Қазақстанның сайлануын ресми Нұр-Сұлтан "осы саладағы күш-жігерімізді мойындау" деп атады. Ал құқық қорғаушылар азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандығы тапталып жатқан елде билік шынайы өзгеріске бармайды деп санайды.
Содырлардан төнген қауіп-қатерге алаңдаған Қытай Тәжікстан аумағында, тәжік-ауған шекарасына жақын жерде әскери база мен әскери мұнара салған. Мұны Азаттық тілшілері анықтады.
Арон Атабектің әлеуметтік желіде жариялаған тіз киімшең ғана тұрған суреті көрген адамды бей-жай қалдырмады. Көпшілік ақынды "нацистік концлагерь тұтқыны кейпіне жеткізген" билікті сынады. Ал суретті "әдепке жатпайтын, ұят" санайтындар оны жариялағаны үшін диссиденттің туыстарын айыптап жатыр.
АҚШ-тың "Әл-Қайда" террор тобына қарсы Ауғанстанда шабуыл бастағаннан кейін 20 жылдан соң бұл соғыс аяқталғандай. Бірақ шартарапқа тамыр жайып үлгерген террор желісі ауған жерінен тағы да бас көтеруі мүмкін дейді сарапшылар. Тәліптер Ауғанстанда билікке қайта келген соң ондай қауіп ұлғая түсті.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева тырнақалды кітабында отандастарын мемлекетке алақан жаймауға шақырып, әкесін ұлықтап, шексіз бақыт туралы ой толғайды. Автордың рухани білім жайлы қалам тербеуіне не себеп? Жаңа кітапқа сыншылар қандай баға береді?
Ұлыбритания саясаткері Джоната Айткен 2009 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мадақтайтын кітап шығарған. Офшордағы құпия келісімдерді әшкерелейтін "Пандора құжаттары" оның осы кітап үшін Қазақстан үкіметінен 166 мың фунт стерлинг алғанын көрсетті.
Қазақстан бірінші президентінің "тоқалы" офшордан 30 млн доллар табыс тапқан деп хабарлаған халықаралық зерттеуді әлеуметтік желіде азаматтар қызу талқыласа, ресми тұлғалар "бос сөз", "менің қатысым" жоқ деп жауап берді немесе тым-тырыс қалғанды жөн көрді.
Қытайдан ең көп қарыз алған елдер ондығына кірген Қазақстанның Пекинге "жасырын қарызы" ІЖӨ-нің 10 пайызынан асып кеткен. Америкалық сарапшылар Қытай қаржы орындары "жасырын борышты" мемлекет қарызына айналдырудың түрлі тетігін қолданады дейді. Зерттеуде "Бір белдеу – бір жол" жобасы да аталған.
Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) жаңа зерттеуінде "Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми әйелі Әсел Құрманбаева офшордағы құпия келісімнен 30 миллион доллар пайда көрген" деп мәлімдеді.
"Талибан" қозғалысы билікке келген Ауғанстанда "Әл-Қайда" террор тобы қайта күш алуы ықтимал. Бірақ тәліптерге кесірін тигізуден қашқақтап, бұрынғыдай жаһандық шабуылдар жасап емес, жергілікті жихадшыларға болысып, әдіс-тәсілін өзгертуі мүмкін дейді сарапшылар.
Тағы