Украинадағы соғыс басталғалы Қытай Ресейді қолдайтынын ашық білдірмесе де, елдегі мемлекеттік баспасөз құралдары Кремльдің сөзін сөйлеген еді. Сарапшылар енді Қытай пропагандасы Украинаның да көзқарасын қамти бастағанын, бірақ көбіне АҚШ-қа қарсы бағытталғанын айтады.
Еуропа одағы биыл Ресейден газ сатып алуды азайтып, онжылдық аяғына қарай мүлдем бас тартатынын мәлімдеді. Бұл мүмкін бе? Ресей Еуроодақтың алдын орып, газ жеткізуді тоқтатса не болады?
Украинадағы соғыс қазақстандықтарды бір-біріне қарсы қойып, Қазақстан қоғамындағы бірқатар мәселені ашып көрсетті. Бұған не себеп, пропаганданы толассыз тарататын ресейлік федералды ақпарат құралдары қалай әсер етті?
Украинада соғыс бастағаннан кейін көп ұзамай Ресей билігі Пермь қаласындағы "Звезда" онлайн газетін бұғаттады. Цензураға тап болған басылым қызметкерлері газеттің қолжазба (самиздат) нұсқасын шығарып, әлеуметтік желі арқылы таратып жатыр. Оқырман оны шығарып алып, басқа адамдарға тарата алады.
Қазақстан бас прокуратурасы "қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқандарға 100 долларға дейін төленгені тергеуде анықталды" деп мәлімдеді. Бірақ нақты дәлел келтірмеді. Сарапшылар билікке наразы халықтың бейбіт шеруіне "ақшаға жалданғандар шықты" деген негізсіз айыптау бұрын да болғанын еске салады.
Ұлыбританиядағы Консервативтік партияның қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бұрынғы кеңесшісі, Article 7 консалтинг тобының бас директоры Гарван Уолш Батыстың әскери техникасы Украинаға қалай көмектесе алатынын, соғыстың ендігі кезеңі неліктен логистикаға байланысты екенін айтты.
Украина экс-премьері Арсений Яценюк Азаттықтың Грузин қызметіне берген сұхбатында Батыстың Ресейге көзқарасы өзгергенін, әсіресе Германияның Ресейден іргесін аулақ сала бастағанын жақсылыққа жоритынын айтты. Егер Мәскеу осы соғыста жеңсе, келесіде Грузия мен Молдованы нысанаға алуы мүмкін дейді ол.
Ресей Украинаға соғыс ашқалы Батыс елдері мен ірі медиакомпаниялар әлемге Кремль пропагандасының тарауына шектеуге күш салып келеді. Ал Қазақстан билігі соғыс насихатының емін-еркін тарап жатқанына бей-жай қарап отырғандай. Мұндай жағдай елдің ақпарат қауіпсіздігіне қатер төндіреді дейді сарапшылар.
Ресейдің Украинаға басып кіруі Қазақстан қоғамына қалай әсер етті? Желідегі қайшылық сепаратизм қаупіне ұласуы мүмкін бе?
Раффаэлло Пантуччи мен Александрос Петерсеннің "Синостан" кітабы жарық көрді. Онда авторлар Қытайдың Орталық Азияға ықпалын зерттеген.
Қазақстан билігі кейінгі кезде, әсіресе батыс аудиториясына Украина жайлы бұрынғыдан сәл өзгеше сөйлей бастағанымен, ел ішінде Ресей агрессиясына қарсы азаматтардың бейбіт жиын өткізіп, ой-пікірін еркін білдіру құқығын шектейді дейді сарапшылар.
Тағы