Конституцияны реформалау жөніндегі жаңа комиссия бір жұмаға жетпей үш рет жиын өткізді. Митинг өткізу тәртібі, неке институты, адам құқықтары, саяси партиялар мен кәсіподақтар, вице-президент өкілеті және өзге де мәселелер жайлы ұсыныстар айтылды. Әлеуметтанушы Серік Бейсембаевпен сұхбат құрдық.