Соңғы уақыттары Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке де тықыр таянғаны туралы оппозициялық бағыттағы басылымдардың бетінде жиі айтыла бастады. Елдегі жаппай тұтқындаулардан соң, мұндай болжамның шындыққа айналуы да ғажап емес. Әрине, дәл осы тұста "Назарбаевтың өнімі Тасмағамбетов мемлекет басшысына несімен ұнамай қалды" деген заңды сауал туындайды.
Қазақстанда басталған «мыстан аулау аңшылығы» елдегі саяси элитаны абдыратып тастады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «мен кез-келгеніңді қолыңнан ұстап, сотқа апара аламын» деп баяғыда айтқан, зілді ескертуінің ойын емес екеніне, олигархтар мен билік тізгінін ұстаған шенеуніктердің енді көзі жетті.
«Өкіл қайын ата» кітабының жарық көруі биліктегілерді ғана емес, елдегі оппозиция басшыларын да абдыратып тастағандай болды. Қарт коммунист Серікболсын Әбділдиннен басқаларының кітапты оқыдым деп айтуға батылы жетпеді. Неліктен?
Бүгін «Қазақ альманағы» басылымының алғашқы саны жарық көрді. Қазақ болып туғандықтан ба, дүниеге келген жаңа басылымды қолыма ұстағанымда жүрегім лүпілдеп қоя берді. Алайда, журналды парақтап шыққан соң, көңілім құлазып, қуанышым су сепкендей басылды.
Қазақ жазушысы Төлен Әбдіктің «Министрдің өлімі» атты әңгімесі бар. Әңгімеде бір үлкен министрдің жұма күні қызметінен босатылып, қатты қайғырған байғұс шенеуніктің қалай қайтыс болғаны суреттеледі.
Орта Азияның бұл елінде ақпараттық тәуелсіз ұйым жоқ, билік мерзімді басылымдарды қатаң бақылауында ұстайды. Енді президент Бердімұхмедовтің пәрменімен интернет-кафелер мен журналистік мектептер ашылуда. Бірақ мұндай өзгерістер үстірт жасалады, елде нағыз еркін баспасөзді қалыптастыруға әлі ұзақ уақыт қажет дейтіндер көп.
“Қонақасыда еншісі бөлінбеген қазақпыз” деген тұжырымды бала кезімізден жиі естіп өстік. Әркез осынау сөздердің сырына бойлауға тырысатын едік. Әке-шешеміз осы бір өсиет сөздерді санамызға мейлінше сіңіруге әрекет ететін. Сөздерімен ғана емес, бүкіл іс-әрекеттерімен де...
Қазір Мемлекеттік сыйлықтан дәмелі ақын-жазушылар президентті мадақтаған шығармалар жаза бастады. Реті келсе де, келмесе де Назарбаевты мақтауды сөз арасына қыстырып жіберу қазақ зиялыларының үйреншікті әдетіне айналды.
Рахат Әлиевтің бір ұлы қазір Англияда. Әкесі Венаға шығуға жол тапқанымен, анасы Қазақстанда қалып отыр. Рахат Әлиев өз балаларын және тіпті бұрынғы әйелін де отбасында болып жатқан жағдай күйзелткенін айтады.
Тағы