Әрине, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі президенттік қордың мұрындық болуымен жарық көргеннен кейін, ақпарат майданының есігін абайлап аттаған басылым тұсаукесер сөзін, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Консолидирующая роль казахов» деген көлемді мақаласымен ашыпты. Бір өкініштісі мемлекет басшысының сөзі, тек ресми орыс тілінде ғана берілген.
Қаласақ та, қаламасақ та Қазақстандағы иерархиялық биліктің қалыптасуына немесе жергілікті халықтың ұлттық менталитетінің ерекшелігіне сәйкес, мемлекет басшысының қай тілде сөйлегені - өте маңызды фактор. Өйткені қазақстандықтар қай тілге басылымдық беріліп жатқанын, елдегі билік тұтқасын ұстаған бір адамның – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әңгімесінің ауанына қарап өлшейді. Бұл –шындық. Дәлелдеуді қажет етпейтін - аксиома.
Ендеше, қазақтың атын жамылып айғайлаған басылымның мұндай маңызды факторды елеп-ескермегені қалай? Әлде, президент әкімшілігінде мемлекет басшысының мақаласын қазақ тіліне аударып беретін тәржімашы табылмады ма? Неліктен «Қазақ альманағы» Нұрсұлтан Назарбаевтың не дегенін білгісі келетін, алайда орысша білмейтін ауылда немесе шет елде тұратын миллиондаған қазақтардың құқын ескермеді? Мүмкін, президент әкімшілігі орыс тілін білмейтіндерді қазақтардың санатына қоспайтын болар? Бәлкім, сыртқы безендірілуінде иненің жасуындай да мін жоқ бұл басылым, жаңа қазақтарға ғана арналған альманах шығар?
Мұхтар Құл-Мұхаммед те республикадағы ең соңғы адам емес - елдегі билік тұтқаларының бірін ұстап отырған белгілі азамат, мәдениет және ақпарат министрі. Оның мақаласы да альманахта тек орыс тілінде берілген. Лауазымы жоғары екі шенеунікпен жарысқа түскендей, журналдың бас редакторы Берік Әбдіғалиев те басылым бетінде орысша көсіліпті. Осыдан соң дүниенің есігін жаңадан ашқан «Қазақ альманағы» тілінің орысша шыққанын мойындамасқа амал кем.