Тоқаев президент болғалы Ресейге 23-рет сапар жасады. Екі күндік кездесуде Путин екеуі не туралы сөйлесті? Зерттеуші журналистер Ресей президентінің бір-бірінен аумайтын құпия жұмыс кабинеттерін анықтады. Алматыда әдебиетші, режиссер Ғалым Доскенді ақтық сапарға шығарып салды.
Орталық Азия елдерінің лидерлері Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, миллиардтаған доллларға келісім жасаған соң Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды. Бұл сапардың мәні неде?
АҚШ билігі заңсыз мигранттарды жаппай депортациялауды жыл басынан бері жалғастырып келеді. Бірақ таяқтың бір ұшы елде заңды жүрген шетел азаматтарына де тиіп отыр. АҚШ-та тұратын, жүк көлігін жүргізетін қазақстандық Ербол Молдажановпен АҚШ-тағы миграция саясаты жайлы сөйлестік.
АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарды жыл басынан бері жаппай депортациялауға кіріскен билік жүк көлігін жүргізетін шетел азаматтарын да ұстай бастады. Таяқтың бір ұшы елде заңды жүрген шетелдіктерге де тиіп отыр. Азаттық АҚШ-та сол салада жұмыс істейтін қазақстандық Ербол Молдажановпен сөйлесті.
Ел билігі жағдайдың жуық арада оңалмайтынын айтады. Ал Кремль Украинаға қойған ультиматумы орындалмай соғыс тоқтамайтыны туралы мәлімдеме жасады.
Алматы облысында қылмыстық топ құрды деген айыпқа іліккен Хасан Қасымбаевқа үкім шықты. Астанада наразылық танытқан адамдарды полиция ұстап әкеткен. Артынша Тоқаев тапсырма берді. Билікті сынайтын материалдар жазатын "Республика" сайты Қазақстан аумағында бұғатталып қалды.
Тағы