АҚШ билігі заңсыз мигранттарды жаппай депортациялауды жыл басынан бері жалғастырып келеді. Бірақ таяқтың бір ұшы елде заңды жүрген шетел азаматтарына де тиіп отыр. АҚШ-та тұратын, жүк көлігін жүргізетін қазақстандық Ербол Молдажановпен АҚШ-тағы миграция саясаты жайлы сөйлестік.