Азаттық Радиосы Қазақ мемлекетінің іргесін қалаған және отарлық езгісінде болған кезеңде ұлттық тәуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлғалар тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстанда «Тіл туралы» заңның 20 жылдығына арнап Азаттық радиосы өткізген дөңгелек үстелге қатысушылардың бірі Қазақстанда тіл полициясын құруды ұсынса, үкіметтің өкілі 2010 жылы елде ресми іс-қағаздардың мемлекеттік тілге көшетінін мәлімдейді.
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның ең соңғы коммунистік лидері әрі 18 жыл бойғы президенті: 20 жылда Қазақстанда жастар саясаты қаншалықты жетілді?
Азаттық радиосы Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке келгеніне 20 жыл толуына орай хабарлар мен мақалалар топтамасын «Нұрсұлтан Назарбаев билігінің 20 жылдығы: Сөз бен іс немесе ақталмаған үміттер» тақырыбына дөңгелек үстелден бастады.
2009 жылдың соңғы күндерінде Қазақстанда 12 бизнесмен түрмеге кесілді. Олардың барлығы бір кездері БТА банкпен байланысы бар банктер мен компанияларда жұмыс істеген.