Қазақстанда 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдум өтіп, экзит-полл "дауыс берушілер жаңа жобаны қолдады" деді. Ал ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "қазақ елі түбегейлі таңдауын жасады" деп мәлімдеді.
15 наурыз референдум күні һАстанадағы Оқушылар сарайында орналасқан референдум учаскесінен полиция Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбайды әкетіп, Алматы аудандық полиция басқармасында үш сағат ұстап, босатты.
15 наурызда Астанада Президент орталығындағы референдум учаскесі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қалай күтті?
15 наурыз күні Қазақстанда жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 7:00-де жаңа Конституция жобасы бойынша референдум учаскелері жұмысын бастады.
Астанада полиция референдум учаскесінен Азаттық тілшісін ұстап әкетті. Назарбаев Тоқаевты дұрыс таңдағанын айтты, ал Тоқаев Қазақстанда қос билік болмауға тиіс деді. Ақтөбе белсенді дауыс беріп, Алматы ең соңында қалып отыр.
Қазақстанның эстрада жұлдыздары жаңа Конституция жобасын қолдап бейнебаян жариялады. Әнде жаңа құжаттағы өзгерістер айтылмайды, «болашаққа қадам», «жаңа таң» сияқты тіркестермен сипатталған. Туындыға желі қолданушыларының пікірі әртүрлі.
Кейінгі бірнеше жылда Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанда, оған дейін Тәжікстанда Конституцияны өзгерту жөнінде референдумдер өтті. Талдаушылар бұл өзгертулер ең алдымен осы бастаманы көтергендерге жағдайын нығайту үшін керек болды дейді.
Тағы