АҚШ Украинаға 20-дан 50-ге дейін Tomahawk қанатты зымыранын бере алады. Бұл жайлы Америка қауіпсіздік орталығының басшысы Стейси Петтиджон айтты. Мәселе осы аптаға жоспарланған Дональд Трамп пен Владимир Зеленксий кездесуінде талқылануы ықтимал.
АҚШ Украинаға «Томогавк» қанатты зымырандарын беріп қалуы мүмкін. Бұл туралы Ақ үй жетекшісі Дональд Трамп мәлімдеді. Ол «Путин соғысты тоқтатпаса, осы қадамға баруға мәжбүрмін» деді. Қуатты қаруды алу мәселесінің талқыланғанын Украина президенті де растаған еді.
Ресей қыс жақындағанда Украинаның энергетикалық нысандарын көптеп жоя бастады. Ел президенті Владимир Зеленский «мүлде реакция танытпады» деп Батыстағы серіктестерін айыптады. Вашингтон Ресей жағында 5 мыңдай Куба азаматы соғысып жүргені туралы мәлімет таратты.
АҚШ Украинаға қуатты зымырандар мен барлау деректерін берген тұста Ресей президенті Владимир Путин "бұл соғыстағы ахуалды өзгерте алмайды" деген мәлімдеме жасады. Ол майдан даласында орыс әскері үстемдік орнатқанын айтып, Украинаны келіссөзге шақырды.
Украина суда жүзетін дрондар жасап, жетілдіріп, Қара теңізде Ресейдің кемелері мен тікұшақтарына шабуылдап жүр.
Украина Ресейдің мұнай нысандарына шабуылды жиілеткен тұста аннексияланған Қырым мен өзге да аймақтарда бензин тапшылығы күшейді.
Ал АҚШ Украинаға Tomahawk зымыранын беру жайын пысықтап жатыр. АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог Fox News арнасына «Дональд Трамптың Ресей аумағына ұзаққа ұшатын зымырандармен соққы жасауға қарсы емес» екенін мәлімдеді. Украинадағы соғысқа қатысты кейінгі жаңалықтарды топтап шықтық.
Украина Ресейдің мұнай өңдеуші зауыттарын тағы атқылады. АҚШ президенті Дональд Трамп журналистермен кездесуінде «Украина барлық жерін қайтарып алуға қабілетті, Ресейдің эконмикасы әбден нашаралады» деген тұжырымын қайталады.
Сәрсенбі күні түсте Новороссийск қаласының орталығына дрон соққысы жасалды. Билік мәліметінше, екі адам қаза тауып, 11 адам жараланды. Каспий құбыр консорциумының кеңсесі зақымданды, бірақ теңіз портына зиян келмеген.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің экономикалық жағдайының нашарлағанын айты, "Украина Ресей басып алған жерлерін қайтарып қана қоймай, одан да әріге бара алады" деп мәлімдеді. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинге Қазақстанда кездесуді ұсынды.
23 қыркүйекте де Украинаның Запорожье қаласы әуе шабуылына ұшырады. Билік дерегінше, ресейлік әскерилер алты бомба тастаған. Бір адамның қаза болды.
Тағы