Тәліптердің лидері Малави Хибатулла Ахунзада Ауғанстанның бас көсемі болып жарияланды. Осылайша тұйық әрі қатал молда елдегі жаңа биліктің ең жоғары лауазымын атқармақ.
Ауғанстанда заңды үкіметті орнынан тайдырып, осыдан үш апта бұрын билікке келген "Талибан" қозғалысы жаңадан құрған үкіметінің құрамын жариялады. Ондағы негізгі адамдар кім?
Ауғанстан экономикасы кейінгі 20 жыл бойы халықаралық көмектің арқасында өсті. Бірақ "Талибан" билікке келген соң 38 миллион халқы бар елге гуманитарлық дағдарыс пен азық-түлік тапшылығы қатері төнді. Бұл кейінгі екі аптада айқын байқалып отыр.
"Талибан" үкіметі әйелдер құқығын шектеуі мүмкін деген алаң күшейге тұста 30-ға тарта әйел Кабул көшесіне шығып, наразылық білдірді. Олар білім алу, жұмысқа оралу және үкімет құрамына мүше болу құқығын талап етті.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына кіретін постсоветтік елдердің Ауғанстанмен шекарасы мың шақырымнан асады. Ұйым аймақты Ауғанстаннан төнген кез-келген қауіптен қорғамақ. Ал Қырымды аннексиялаған Мәскеудің бұл әрекетіне Орталық Азия елдері күмәнмен қарайды.
Кабулда тәліптер әйелдерге қауіпсіздік мақсатында "уақытша" үйде отыруды бұйырғаннан кейін жұмысына барып жүргендер некен-саяқ. Азаттық радиосы Ауғанстан астанасындағы дүрбелеңге қарамастан жұмысын жалғастырып жатқан журналист әйелмен сұхбаттасты.
Герат уәлаятында киім кию тәртібі күшейтілді, ал Кабулда жалақысын ала алмаған жұрт нанға зәру. Азаттық радиосы Ауған қызметінің тілшісі Мұстафа Сарвар тәліптер билікке келгелі Ауғанстандағы өмірдің қалай өзгергенін әңгімелейді.
Тәліптер Кабулды соғыссыз алған соң ауған жастары бостандығымыздан айырыламыз ба деп қауіптенеді.
28 тамыз күні Кабулда ауғандар көшеге шығып, тәліптер билікке келгелі банктердің жабық тұрғанына наразылық білдірді. Ауған валютасы құлдырап, баға шарықтаған тұста банктердің жабық тұрғаны адамдардың онсыз да қиын өмірін ушықтырды.
26 тамызда Ауғанстанның Кабул әуежайының сыртында екі жарылыстан 170 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Шабуылды "Ислам мемлекеті" экстермистік ұйымына кіретін "Хорасан" тобы мойнына алды. Бұл қандай топ? Ол жайлы не білеміз?
Тағы