"Талибанға" Ауғанстанның солтүстігіндегі Жауызжан провинциясында тұратын жүздеген өзбек және түркімен азаматын күштеп көшірді деген айып тағылды. Пана іздеуге мәжбүр болғандардың айтуынша, пуштундар тәліптердің көмегімен өзбектер мен түркімендерді үйлерінен қуып, жерлерін тартып алған.
"Талибан" мыңдаған адвокатты лицензиясынан айырып, жұмыс істеу үшін әділет министрлігінен рұқсат алу керегін мәлімдеген. Сарапшылар әділ соттың келмеске кететінін айтады.
Тәліптер көшеде өткен-кеткен кісіні тоқтатып, телефонын тексереді. Егер музыка немесе видео тапса, әлгі адамды ұрып-соғып, смартфонын тартып алады немесе көзін жояды дейді Азаттық сөйлескен ауған азаматтары. Талибанның кей мүшелері мұны жоққа шығарса, кейбірі мойындайды.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Ауғанстанға жіберген делегациясына бірде-бір әйелді қоспағаны үшін сынға қалып отыр. Құқық қорғаушылар мұны тәліптерге мойынсұну деп бағалады.
Ауғанстанға батыс уәде еткен көмектің бір бөлігі келді. Бірақ аштық қысқан, баспанасынан айырылған жұрт ол «көмекке жете алмай қаламыз ба» деп қорқады.
Халықаралық ұйымдар айтқан аштық пен жоқшылықты Ауғанстанда тұратын қазақтар да бастан өткізіп жатырмыз дейді. Олар Қазақстан үкіметінен қыс түспей елге алып кетуді сұрайды.
Тәліптер "Ислам мемлекетінің" Хорасан тобымен күресті үдетіп, елдегі сәләфтарды қудалап жатыр. Сарапшылар мұны Ауғанстандағы соғыстың жаңа кезеңі деп атаса, халық шиеленіс соңы қантөгіске ұласа ма деп алаңдайды.
Қазақстанның ресми адамдарынан тұратын делегация Кабулда "Талибан" қозғалысы өкілдермен кездесті. Азаттық cаясаттанушы Досым Сәтпаевтан Қазақстанның террор ұйым деп таныған тәліптермен кездесуіне не түрткі болғанын, бұның Ауғанстандағы қазақтардың қауіпсіздігіне қалай әсер ететінін сұрады.
Азаттық АҚШ-та дайындықтан өткен, бұрын ауған әуе күштерінің құрамында болған ондаған ұшқыш тұрып жатқан Тәжікстандағы құпия нысанға кіре алды.
АҚШ-тың "Әл-Қайда" террор тобына қарсы Ауғанстанда шабуыл бастағаннан кейін 20 жылдан соң бұл соғыс аяқталғандай. Бірақ шартарапқа тамыр жайып үлгерген террор желісі ауған жерінен тағы да бас көтеруі мүмкін дейді сарапшылар. Тәліптер Ауғанстанда билікке қайта келген соң ондай қауіп ұлғая түсті.
Тағы