Трамптың президент ретіндегі екінші мерзімі қандай болмақ? Жақтастары Трамп АҚШ-тың қуатын қалпына келтіреді десе, сыншылары ол АҚШ демократиясының түбіне жетеді дейді.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік соты күніне жүзден аса еңбек мигрантын – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарын «көші-қон заңын бұзды» деген айыппен жауапқа тартып жатыр. Қазақстанға жұмыс іздеп келген олардың көбі заңда көрсетілген айыппұлды төлеуге шамасы жоғын, соттың депортация жасау туралы қаулысына наразы болса да мойынсұнуға мәжбүр екенін айтады.
Америка халқы тарихи күнге жетті, елде президент сайлауы өтіп жатыр. Республикалық партия өкілі, бұрынғы президент Дональд Трамп пен Демократиялық партия үміткері, қазіргі вице-президент Камала Харрис тең түсіп тұр.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде мемлекеттік сапармен жүр. 5 қарашада ол Франция президенті Эмманюэль Макронмен және өзге де ресми тұлғалармен кездеседі. Француз басылымдары талқыланатын тақырыптар арасында өзгелермен қоса, Украинадағы соғыс, Қазақстанда АЭС салу мәселесі де бар деп жазды.
Азаттық радиосы Орыс қызметінің зерттеу жобасы 2022 жылғы 7 наурыздағы келіссөзде Ресей ұсынған шарт құжатын қолға түсірді. Соғыс басталғалы 11-ақ өткен бұл кездесуде Мәскеу шарты орындалса, Украина Батыс көмегіне арқа сүйей алмайтын, әлжуаз әскері бар әлсіз мемлекетке айналар еді.
3 қарашада Молдова президентін сайлаудың екінші туры өтті. Сайлауға Мәскеу киліккені жайлы айыптаулар айтылып жатқан шақта жарияланған алдын ала қорытындыға сай, қазіргі президент, батысшыл саясаткер Майя Санду жеңіске жетті.
5 қараша күні АҚШ президентін сайлау өтеді. Ақ үйде кім отыратыны әлемдік саясатқа ықпал етеді, ал сайлау додасы тартысты болады. Сол себепті бұл науқанды бүкіл әлем қызықтап отыр. Бірақ америкалық сайлаудың күрделі тұстары да бар. Соларды тарқатып көрелік.
5 қарашада АҚШ президентін сайлау өтеді. Ақ үйде кім отыратыны әлемдік саясатқа ықпал етеді, ал сайлау додасы тартысты болады. Сол себепті бұл науқанды бүкіл әлем қызықтап отыр. Бірақ америкалық сайлаудың күрделі тұстары да бар. Қандай? Тарқатып көрелік.
АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі басқа елдермен салыстырғанда Украинаға көбірек әсер етеді. Президенттіктен үміткер Дональд Трамп пен Камала Харрис Украинаны қолдауға қатысты екі түрлі көзқарас ұстанады. Бірақ жеңіске жеткен жағдайда олардың қалай әрекет ететіні белгісіз.
АҚШ үкіметі жариялаған кезекті санкцияға қазақстандық Kazstanex компаниясы да ілінді. Ол Ресейге сатуға тыйым салынған жабдықты Еуропадан алып, Қытай арқылы тасымалдаған деген күдікке қалған. Азаттық мәселені компанияның өзінен сұрауға талпынғанымен, ол байланысқа шықпай қойды.
Шавкат Мирзияевтың қызының саяси серігіне қастандық жасалды. Бұл Өзбекстанның саяси сахнасында жүрген ықпалды отбасылар арасында жұрт ойлағандай бірлік жоғын аңғартқандай.
Тағы