10 қаңтарда Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келгелі алғаш рет парламент сайлауы өтеді. Бірақ саяси науқан бұрынғыдай өтіп жатыр. Сайлау қарсаңында билік қарсылық атаулыны басып тастап отырғандықтан, оппозиция қатыспайтын бұл сайлаудың қалай аяқталатыны әдеттегідей күні бұрын белгілі.