Беларусьте қызметін бәске тігіп, билікке наразыларға қолдау білдірушілер көбейіп келеді. Олардың қатарында жоғары шенді полицей, театр директоры, дипломат және құрылысшылар бар. Олар 9 тамыздағы сайлау нәтижесі бұрмаланған деп, елді 26 жыл басқарған Александр Лукашенконың кетуін талап етеді.